Алакөл ауданының
Бескөл ауылдық округі
әкімінің
2025 жылғы «____»______
№____өкіміне қосымша
«Алакөл ауданының Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) Ауылдық округ әкімінің аппараты қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықты іс-әрекетті қалыптастыру;
2) Ауылдық округ әкімінің аппараты қызметкерлерінің белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақтауғабағытталған іс-қимылдары мен шешімдерін айқындау;
3) сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеу болып табылады.
1) заңдылық;
2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;
3) жариялылық және ашықтық;
4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі жәнекешенді пайдалану;
6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басымдық пен қолдану;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;
8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы болып табылады.
2-тарау. Ауылдық округ әкімінің аппаратықызметкерлерінің іс-әрекет ережелері
1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мензаңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жекежәне заңды тұлғалардың жолданымдарын, хабарларын, пікірлерін, сұраусалулары мен ұсыныстарын қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;
2) адал, әділ, қарапайым болуға, жеке тұлғалармен, заңды тұлғалардың өкілдерімен қарым-қатынаста жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, сыпайылық пен әдептілік танытуға;
3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
5) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сыналуға себеп бермеуге, сын үшін қудалауға жол бермеуге, кемшіліктерді жою және өз қызметін жақсарту үшін сындарлы сынды пайдалануға;
6) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;
7) жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге;
8) өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді жеке мүліктік және мүліктік емес пайда алу үшін пайдаланбауға тиіс.
1) қол астындағы қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін нақты және нақты айқындауға;
2) еңбек жүктемесін олардың жұмыс тәжірибесі мен атқаратын лауазымдарын ескере отырып, қол астындағы қызметкерлер арасында бір келкі бөлуге;
3) қол астындағы қызметкерлердің жұмыс нәтижелерін бағалау, сондай-ақ оларға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік танытуға;
4) қол астындағы қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілікке, адамның қадір-қасиетін қорлауға, әдепсіздікке, дұрыс емес мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге;
5) қол астындағы қызметкерлердің лауазымдық міндеттерінен тыс,сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін анықорындалмайтын өкімдер, тапсырмалар бермеуге;
6) қол астындағы қызметкерлерді қызметтік емес немесе жекетапсырмаларды орындау үшін тартуға жол бермеуге;
7) қол астындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол астындағы қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзу фактілерінің алдын алуды және жолын кесуді қамтамасыз етуге;
9) мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша уақтылышаралар қабылдауға тиіс.
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында, ҚазақстанРеспубликасының тиісті заңдарында және мемлекеттік қызметтер көрсетуді регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге жол бермеуге;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушы ретінде қаржы нарығы субъектілерінің сұрау салуларына бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөнінде тұрақты негізде шаралар қабылдауға;
4) көрсетілетін қызметті алушыларға қолжетімді нысанда мемлекеттікқызметтер көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпарат ұсынуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған бекітілген тізбеге кірмейтін қосымша құжаттар ұсынуды талап етпеуге және сұрамауға;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға арналған өтініштерді, көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарау кезінде әуре-сарсаңға салуға жол бермеуге, оларды белгіленген мерзімдерде қарау нәтижелері туралы хабардар етуге;
7) қызметтік емес қарым-қатынастар орнатпауға, өтініш берушілермен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде тікелей байланысты барынша азайтуға;
8) көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде негізсіз бас тарту жағдайларына жол бермеуге;
9) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қоғамдық мониторингінің нәтижелерін қарауға және мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті рәсімдерді жеңілдету, мерзімдер мен құжаттар тізбесін қысқарту бөлігінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін одан әрі оңтайландыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға тиіс.
1) азаматтардың заңда белгіленген құқықтары мен бостандықтарын сақтауға;
2) заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың заңды мүдделерін бұзуға жол бермеуге;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге тиіс.
1) тағайындауға арналған материалдарды қараудың белгіленген мерзімдерін сақтауға;
2) Ауылдық округ әкімінің аппаратына жұмысқа қабылдау кезінде ауылдық округ әкімінің аппараты қызметкерлеріне жүктелетін негізгі міндеттерді, тыйым салулар мен шектеулерді түсіндіруге;
3) кадрларды іріктеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
4) ауылдық округ әкімінің аппараты қызметкерлерінің дербес деректері туралы мәліметтерді негізсіз беруге жол бермеуге;
5) жұмысқа орналасуға кандидаттардан еңбек шартын жасасу үшінқатысы жоқ құжаттарды талап етпеуге;
6) ауылдық округ әкімінің аппараты қызметкерлеріне қатысты объективті және жан-жақтықызметтік тексерулер жүргізуге тиіс.
3-тарау. Өзге де шектеулер, тыйым салулар мен талаптар
1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатына адал болуға және оны біртіндеп іске асыруға;
2) заңдылық қағидатын басшылыққа алуға, Қазақстан Республикасының Конституциясының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын, қатаң сақтауға;
3) еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға, берілген өкілеттіктерге адал, бейтарап билік етуге және өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауға;
4) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, оны ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануға;
5) ауылдық округ әкімі аппаратты сатып алуы үшін пайдаланылатын ақшалай қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсауға;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды ашуда белсенділік танытуға;
7) конфиденциалдылықты сақтауға және үшінші тұлғаларға қызметтік,коммерциялық (оның ішінде бағалы қағаздар нарығында), банктік құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын, сақтандыру, зейнетақы жинақтары, жеке салымдар (жинақтар) құпиясын, мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, автоматтандырылған ақпараттық жүйелермен жұмысістеу кезінде (оларға қолжетімділік болған кезде) алынған ақпаратты қосаалғанда, өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындау кезінде алынған кез келген тасымалдауыштың кез келген түрлерінде қабылдау үшін қолжетімді кез келген нысандағы өзге де ақпаратты жария етпеуге;
8) мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу жөнінде шаралар қабылдауға;
9) туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау ықтималдығы туралы, ол туралы белгілі болған бойда тікелей басшыны не округ әкімін жазбаша хабардар етуге;
10) егер мүдделер қақтығысы болса, лауазымдық міндеттерді орындауды тоқтатуға;
11) Ауылдық округ әкімі аппаратының оң имиджін сақтауға: мінез-құлықтың әдеп нормаларынсақтауға, лауазымдық міндеттерін орындау, мемлекеттік қызметтер көрсетужәне жеке тұлғалармен және заңды тұлғалардың өкілдерімен басқа да сыртқыжәне ішкі өзара іс-қимыл жасау кезінде дұрыс іс-қимыл көрсетуге тиіс.
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай жасайтын, заңнамада белгіленген әкімшілік және(немесе) қылмыстық жауаптылыққа (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға) әкеп соғатын кінәлі әрекеттерді жасауға;
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызметті жүзеге асыруға;
3) басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауғакөндіруге немесе көтермелеуге;
4) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласуға;
5) ауылдық округ әкімінің аппаратының қалыпты жұмыс істеуіне және лауазымдық міндеттерінорындауға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге қатысуға;
6) жеке немесе заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі өкілеттіктерді осындай қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға беруге, сондай-ақ өздерінің мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларын орындауды үшінші тұлғаларға беруге;
7) келіп түскен және жұмыс бойынша ауылдық округ әкімінің аппаратта ілгерілеткен кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген артықшылықтар(протекционизм, отбасылық) беруге;
8) өзінің жақын туыстарының (ата-аналарының, балаларының, асырапалушылардың, асырап алынған балалардың, ата-анасы бір және ата-анасы бөлекаға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының), аталарының, әжелерінің, немерелерінің), жұбайының (зайыбының) және (немесе) жекжаттарының (ата- анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының) ата-аналарының және балаларының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өзінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалануға;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес өзінің жақынтуыстарымен (ата-аналарымен, балаларымен, асырап алушыларымен, асырапалған балаларымен, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерімен (қарындастарымен), аталарымен, әжелерімен, немерелерімен), жұбайымен (зайыбымен) және (немесе) жекжаттарымен (ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерімен (қарындастарымен), ата-аналарымен және балаларымен) бірлесіп жұмыс істеуге;
10) егер мүдделер қайшылығы болса, лауазымдық міндеттерін атқаруға;
11) ауылдық округ әкімінің аппараты үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға;
12) шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде заңды және (немесе)жеке тұлғаларға құқыққа қайшы артықшылықтар беруге;
13) өзінің лауазымдық жағдайын мүліктік және мүліктік емес игіліктермен артықшылықтар алу мақсатында пайдалануға;
14) біреуге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кәсіпкерлік және кіріс алуға байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруға кезкелген жәрдем көрсетуге;
15) материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер ұсынғанадамдардың пайдасына іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін оларды қабылдауға;
16) өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін және олармен байланыстымүмкіндіктерді пайдалануға байланысты заңды және жеке тұлғалардан немесе
олардың өкілдерінен жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңсыз мүліктік
игіліктер мен артықшылықтарды не мүліктік пайда, ақша, көрсетілетін
қызметтер түрінде және өзге де нысандарда кез келген сыйақыны алу үшін өз
өкілеттіктерін өзге де пайдалануды қабылдауға;
17) ауылдық округ әкімінің аппараты қызметкерлеріне және өзге тұлғаларға олардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер немесе артықшылықтар алу үшін сыйлықтар беруге және қызметтен тыс қызметтеркөрсетуге;
18) инвестициялық қорлардың пайларын, коммерциялық ұйымдардың облигациялары мен акцияларын сатып алуға;
19) кредиттер, несиелер алуда, бағалы қағаздарды, жылжымайтын мүліктіжәне өзге де мүлікті сатып алуда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген артықшылықтарды пайдалануға;
20) өзінің қызметтегі қызметін материалдық-техникалық, қаржылық жәнеақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлікті жәнеқызметтік ақпаратты қызметтен тыс мақсаттарда пайдалануға;
21) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алунемесе шығару мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге деақпаратты пайдалануға;
22) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың және оның құзыретіне кіретін өзге де мәселелерді шешудің заңда белгіленген тәртібін бұзуға;
23) осы ақпаратты ұсынуы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген жеке немесе заңды тұлғалардан ақпаратты талап етуге;
24) ұсынылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ақпаратты жеке және (немесе) заңды тұлғаларға беруден негізсіз бас тартуға,оның мерзімін кешіктіруге, анық емес немесе толық емес ақпарат беруге;
25) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұйғарымға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге, сол сияқты оған арналмаған орындарда немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға тыйым салынады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
14.Ауылдық округ әкімінің аппараты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсыстандарттарды сақтауын бақылау округ әкіміне жүктеледі.