Әкімнің баяндамасы

Бескөл ауылдық округінің  2024 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен  міндеттері» туралы округ әкімі Н.М.Бейсембаевтың есебі

 

«_____»__________2025ж

 

Құрметті  Алмас Сапарғалиұлы !

Құрметті қауым!

 

Тұрғындарды әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету жағдайы экономикамыздың қуатты болуына тікелей байланысты. 2024 жылдың ішінде Бескөл ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму қортындысы - экономикалық өсу қарқынының сақталғандығын айқындайды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауылдық округ экономикасында  тұрақты  өсім  қалыптасып,  даму  көрсеткіштері  ілгерілеуде.

Ауылдық округіне қарасты алты елді мекен бар. Жалпы халық саны – 9300 адамды құрайды.

Ауыл шаруашылығы Округ экономикасының негізгі бағытының бірі. Округте  барлығы ауыл шаруашылығына тиесілі 17 105 га жер бар, Оның  ішінде  жайылымдық – 12 078 га, шабындық – 2 797 га, суармалы жер -  3518 га.

 Округ бойынша егістік жерлерді игеру жылдан жылға артып келеді. 2024 жылы 3441 га жер игерілді. Оның ішінде майлы дақылдар 2319 га, дәнді дақылдар 213 га, дәндік жүгері 55 га, азықтық дақылдар 590 га, картоп, көкеніс 93 га.

Мемлекеттік агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығын қолдауға  2024 жылы  5 млн 288 мың теңге субсидия берілді, егін шаруашылығы бойынша минералдық тыңайтқыштар (1 млн 230 мың) мен гербицидтерге (750 мың) 1 млн 980 мың теңге, суға 1 млн 358 мың теңге. Мал шаруашылығына 600 мың теңге («Мадияр» ш/қ Рахимов М)

Округте жалпы 80 дана ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген, оның ішінде тракторлар – 66, комбайндар – 14.

Шаруашылық құрылымдары техника паркін жаңалауда жыл басынан лизинг компаниясы арқылы 85 млн 940 мың теңгеге 9 дана ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. («Нұрали» ш/қ, "Ермухан" шқ, "Ырыс" ш/қ, «Кубенов» ш/қ   «КазАгроФинанс» лизинг компания арқылы)

Мал шаруашылық саласы да қарқында дамуда. Мал басының негізгі түрлері бойынша өсуі тұрақты. Бұл салада мал тұқымын асылдандыру, ет өндіру көлемін ұлғайту және сапасын арттыру шараларын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Асыл тұқымды мал үлесін және ауылшаруашылығы малының өнімділік сапасын арттыру мақсатында алынған субсидия көлемі 950 мың теңгені құрады.

Ауыл  округінің шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығын дамытуға арналған  Мемлекеттік бағдарламаның  қолдауын көруде. "Алакөл" Кредиттік серіктестігі арқылы "Кең дала" бағдарламасымен көктемгі дала жұмыстарына 86 млн 740 мың теңгеге несие алынды    («Диханшы» ш/қ Артықпаев 10 млн, "Мұрат" Саринова 22 млн, "Шыңғыс"ш/қ Омарбаева Г. 14 млн, "Бектемисова" шқ Бектемисова К. 9 млн).

         2024 жылдың 1 шілдесіне округте ірі қара - 3694 бас, (аналығы –1120 бас),  ұсақ мүйізді - 4512 бас, жылқы - 1030 бас, құс - 3763 дананы құрады. Ветеринария саласы  жоспарға сәйкес күзгі қан алу, вакцинация егу жұмыстары жоспар бойынша жүріп жатыр. Мал басын бірдейлендіру шаралары бойынша жас туған төлдер сырғаланып, малдар туралы мәліметтер компьютерленген дерек қорға кіргізіліп және сойылып, етке өткізілген малдар дерек қордан шығарылуда.

           2024-2025 мал қыстату науқанына 5547 тонна жем шөп дайындалды, оның ішінде 2000 тонна сабан мен құрама жем 500 тонна дайындалды. Мал қыстату науқаны қалыпты жағдайда.

2025 жылы барлық егіс көлемін  3350 гектарға игеру жоспарымызда, оның ішінде дәнді дақылдар - 113 га, қант қызылща - 30 га, майлы дақылдар – 2503 га, картоп - 32 га, көкеніс – 34 га, азықтық дақылдар - 568 га.

 

САЛЫҚ  САЛАСЫ

        2024 жылы салық саласы бойынша жалпы түсім 74 млн. 994 мың теңгені құрады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 119,6 пайызды көрсетеді. Атап айтқанда,

Салық түрлері

2023 жыл орындалуы

2024 жылдың нақты орындалуы

пайызы

      Жеке кәсіпкерлерден түсетін табыс салығы

20 763

33 055

159,2

Мүлік салығы

770

715

92,8

Жер салығы

892

613

68,7

Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салығы

4 556

5 629

123,5

Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салығы

28 978

30 686

105,8

Сыртқы жарнамадан алынатын төлем

41

41

100,0

Жер уческелерін пайдаланғаны үшін төлем

4 641

2 404

51,7

Бірыңғай жер салығы

2 042

1 060

51,9

Барлық салық түрлері бойынша

62 686

74 994

119,6

                

2024 жылдың салық түсімдерін болжаммен салыстыратын болсақ,  төмендегідей көрсеткіш береді:

 

Салық түрлері

2024 жылғы болжам

2024 жыл нақты орындалуы

пайызы

      Жеке кәсіпкерлерден түсетін табыс салығы

32 000

33 055

103,3

Мүлік салығы

658

715

108,7

Жер салығы

469

613

130,8

Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салығы

5 565

5 629

101,3

Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салығы

29 333

30 686

104,6

Сыртқы жарнамадан алынатын төлем

36

40,6

112,7

Жер уческелерін пайдаланғаны үшін төлем

2 278

2 404

105,6

Бірыңғай жер салығы

502

1 060

211,1

Барлық салық түрлері бойынша

70 832

74 205,2

104,8

 

 Округ бойынша салық төлейтін 1896 жеке меншік үйдің 372-нің құжаттары заңдастырылмаған. Биылғы жылы 12 үйдің құжаты тіркелді. Қалған үйлердің тіркелмеген себептері, негізінен қаражат жағдайына байланысты болып отыр.

 

          ИНВЕСТИЦИЯ

          Инвестиция округ дамуының маңызды индикаторы болып табылады. Бескөл ауылдық округін дамытуға 2024 жылы 713 млн теңге инвестиция тартылды.

Оның ішінде бюджет есебінен 629 млн. теңге тартылса. (Бұлақты ауылында Cәрсембаев көшесіне Загатзерно ауылы Жүргенов, Құрманғазы, Нұрмуханбетов көшелеріне  орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп толығымен аяқталды, жалпы қаражат 91 869млн тенге. Бескөл ауылдық округінда орналасқан мұсылман  зиратты қоршау жұмыстарын жүргізуге 7 719 млн тенге бөлініп жұмыстары аяқталды.   Бескөл станциясындағы су бөгетіне айналма арнаның құрылысын салу жұмыстарына 4 995 млн тенге теңге жұмсалды. Бескөл бекетінде дәрігерлік амбулаториясының құрылысы 318 564 млн тенге. Әлеуметтік осал топтарға арналған 10 тұрғын үй құрылысы 205 940 млн тенге)

84 млн.теңге бюджеттен тыс қаражат есебінен тартылған. Тұрғын үй құрылысы - 34 млн. тенге, азық-түлік және жеміс-жидек дүкендер – 50 млн).

 

ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіп саласында 2024 жылы кәсіпорындарымен өндірілген өнім көлемі  1 млрд 335млн тенгені құрады. Ірі өндірістік кәсіпорындар - «Бакытбек Қаратал» ЖШС 850 млн.теңгеге балық өнімін өндірсе «Алакөл-көмір» ЖШС кірпіш цехының шығарылатын материалдардан 35 млн. теңге өнім шығарды.

ЖШС «Алакөл» Қант зауытынына қарасты кислород цехы 10000 кубқа өнім өндіріп жалпы соммасы 3 млн 800 мың тенге құрады.

 

2024 жылы Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалуы туралы ақпарат

 Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету    

Кәсіптік оқуға жіберу жоспары бойынша барлығы - 4 адам жоспарланса,5 адам толығымен оқуды аяқтап,тұрақты жұмысқа орналасты.

          «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша: Мемлекеттік гранттың жоспары бойынша - 1 адам болса қазіргі таңға дейін 3 адам осы грант иегері болды.

 Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту  бойынша:

Әлеуметтік жұмыс орындарының жоспары бойынша – 2 адам жоспар болса,2 адамда жұмысқа орналасты жіберілді.

         Жастар практикасына жіберуге жоспар бойынша 8 адам болса,барлығы  11 адам жастар практикасына  жіберілді.

         «Күміс жас» жобасы бойынша жоспарда - 6 адам  болса, 6 адам күміс жас жобасы бойынша жұмысқа орналасты.

         «Алғашқы жұмыс орны»жобасы бойынша  жоспар бойынша 7 адам болса,бұл жоба бойынша  12 адам жұмыс жасап жатыр.

         Қоғамдық жұмысқа жіберу бойынша жоспарда - 11 адам болса, қазіргі кезде 14 адам қоғамдық жұмыста жасады.

        2024 жылы  көп балалы отбасылар санының барлығы-185 адам болса,соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны қазіргі уақытқа дейін барлығы 75 адам өтініш білдіріп өтініштері қанағаттандырылды.

              Сонымен барлық әлеуметтік төлемдерге 271 адамға әлеуметтік көмектер көрсетілді.

              Пробация есебінде тұрған 6 адамның 4-еуі тұрақты жұмысқа орналасты.

 

Жаңа жұмыс  орны бойынша жоспар:

Округ бойынша тұрақты жұмыс орындары жоспары 107 адамға болса, тұрақты және маусымдық жұмысқа 11 адам орналасып отыр.

          Бескөл ауылдық округі бойынша 2024 жылы округіміздің кәсіпкерлері ауыл азаматтары аз қамтылған жалғыз басты аналар,мүгедектер,жалғыз басты қарттарға қайырымдылық көмек көтсетті,атап айтатын болсақ азық түлік,қатты отын,дәрі дәрмек,тұрмысқа қажетті қандайда бір көмек болса,сол көмектерден демеушілер қалыс қалмай бар көмектерін аямады.

КОММУНАЛДЫҚ САЛА

Жолдар бойынша

Бескөл ауылдық округі бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 58,62 шақырымды  құрайды (72 көше). Олардың 27 шақырымы асфальтты (25 көше), 7,32 шақырымы (11 көше) тас-қиыршықты, 24,3 шақырымы (36 көше) топырақ жолдар.

2024 жылы  Бұлақты: Сарсембаев,  Заготзерно ауылы: Курмангазы, Нұрмұхамбетова, Жүргенов көшелеріне орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп толығымен аяқталды.

Сонымен қатар биылғы жылы округіміздің 3 көшесіне, яғни Бұлақты: Шоқжанов,  Заготзерно ауылы: Сәтбаев, Бескөл бекеті Қастеев, көшелеріне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттарын әзірленуде.

 

2025 жылы Бескөл бекетіне шағын футбол спорт алаңын салу жоспарланып отыр.  Бүгінгі күні  жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Сонымен қатар Бескөл бекетінде дәрігерлік амбулаториясының құрылысы жүргізілуде  кәзіргі уақытта іргетасы қаланып, аталған құрылыс жұмыстары өтпелі кезеңмен 2025 жылы аяқталатын болады.

Әлеуметтік осал топтарға арналған 10 тұрғын үй құрылысы аяқталды. Биылғы жылдың аяғына дейін қолданысқа беріледі.

                                    

 

                                         Жарықтандыру бойынша.

         Бұлақты ауылында орналасқан Қатықпай және Бүтіншінов көшелеріне түнгі жарық бағаналарын орнату жұмыстары. Жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өткізілген. Жобаның жалпы кұны смета бойынша – 116 866 000 теңге. Жобалық-сметалық құжаттары аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсынылды.

 

Жылумен қамтамасыз ету

Бескөл ауылдық округі орталық жылу қазандығының желісі 4-көп қабатты үйлер мен 1-білім мекемесі жылу жүйесіне қосылып, жылу энергиясын пайдалануда.

Бескөл ауылдық округінде 1980 жеке басты үйдің 100 пайызы қатты отынмен қамтылды.

Бескөл ауылдық округіне қарасты елді мекендерде 6 қатты отынды бөлшектеп сататын орындар орналасқан. Олар аудан және ауылдың тұрғындарын қатты отынмен қамтамасыз етеді.

 

Ауыз сумен қамтамасыз ету

 

Округте орталықтандырылған су құбырымен 1162 үй – 4551 адам пайдаланады. Орталықтандырылған су құбырына 32 көше, 3 мектеп, 2 балабақша, 2 дәрігерлік амбулатория, 10 теміржол мекемелері, 1 мешіт, 10 сауда орындары қосылған.автономды  колонкамен  818 үй 3918 адам пайдаланады. (Бұлақты ауылында—2455, Қант зауыта-1531адам).

Округтің тұрғындарының 56% (35,2 км) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.

 

Округте  санитарлық тазалық  күн тәртібінен түспейтін мәселенің бірі болғандықтан, қоғамдық көпшілік орындарда тазалық жұмыстары күнделікті атқарылуда бей-берекет төгілген қоқыстар тазаланып, шығарылды.

       Сондай-ақ округте безендендіру, мерекелік және әлеуметтік мәтінде баннерлер орнатылды.

Округ бойынша көктемгі және күздік санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын өткізу кезінде округ тұрғындарымен қатар мектеп, балабақша, мәдениет үйі және темір жол мекемесінің жұмысшылары сенбіліктерге қатысып, өздерінің аумақтарын арам шөптен арылтып, жабайы өскен талдарды, қураған ағаштарды  шауып, ішкі арық жүйелерін тазалауға белсенді қатысты.

 Жалпы 100 тонна қоқыс шығарылды. Қоғамдық жерлерді өз кезеңінде  сырлау жұмыстары жүргізілді.

 

Білім саласы

 

          Бескөл ауылдық округінде білім жүйесінде 3 жалпы білім беретін мектеп, 3 мектепте 1505 оқушы, 2 балабақшада 100 бала,  80 орындық 2 шағын орталықта 77 бала тәрбиеленуде.

2024 жылы округ  бойынша 78 оқушы мектепті аяқтады. Оның 37 (43 бала грантқа түсті, 19 ақылы бөлімге), жоғарғы оқу орынан коллеждге 15 бала түсті.

 

Денсаулық сақтау саласы

         Округте 2 дәрігерлік амбулатория халыққа қызмет көрсетуде. Онда 2 дәрігер, 20 орта буынды медицина қызметкерлері қызмет етеді. 

Туберкулез ауыруымен ауыратын 10 адамға 1 239 151 теңге әлеуметтік төлемдер төленді;

 

Мемлекеттік қызмет көрсету

    Бескөл ауылдық округінде жыл басынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық түрде алуға шақыратын көптеген іс-шаралар және округ тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің электрондық үкімет веб-порталы арқылы алуға болатындығы жөніндегі кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Сонымен қатар "Алакөл" газетіне 1 мақала жарияланса, әлеуметтік желілерге таратылды. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және сапалы қызмет беру мақсатында  Бескөл ауылдық округіне қарасты 3 мектеп пен 2 балабақша ғимаратында және әкімшілік орналасқан Бұлақты мәдениет үйінде "Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" жұмыс жасауда. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы әр адам өздігінен электронды үкімет порталынан кез келген электронды мемлекеттік қызметті ала алады. Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу барысында қиындықтар туындаған жағдайда аталған мекемелердің жауапты мамандарынан кеңес алуға болады. Түсіндірме жұмыстардың нәтижесінде округ тұрғындарының Халыққа қызмет көрсету орталығынан қызмет алуы азайды. Қазақстанның электрондық үкіметінің порталы 191 электрондық қызметілсе, оның ішінде округ бойынша 5 түрінен 2592анықтама берілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету  округ бойынша 7 түрі көрсетіледі, олар:

  1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» өтініш түспеген.
  2. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» өтініш.
  3. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру».
  4. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» өтініш.
  5. «Сауда саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» өтініш.
  6. « Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» бойынша өтініш.
  7. «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату» бойынша өтініш.

 

Е-лицензировая бағдарламасы бойынша

       2024 жылы  20-өтініш түсті  18-қанағатандырылды,  2- өтініш дәлелді хабарламалармен бас тартылды.

 

       2024 жылы79-шешім. Жеке құрам бойынша -2 өкім,  негізгі қызмет бойынша-29, өндірістік өкім-76 барлығы -107 өкім.

 

Е-өтініш бағдарламасы бойынша

      2024 жылы  52-өтініш түсті,  жеке тұлғалардан 48- өтініш, заңды тұлғалардан – 4 өтіні, сұраныс- 1 барлығы қанағатандырылды. Жыл бойына 14 жеке қабылдау болып, 29 азамат қабылданды.

 

 

Дін

     «ҚР діни экстремизм мен терроизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында құзырлы мекемелермен және имамдармен бірлесе отырып, отырыстар ұйымдастырылды. Округте жыл басынан 8 азамат жат ағымдағы азаматтар ресми түрде тіркелген болатын. Қазіргі кезде облыстық, аудандық теолог мамандармен және имамдармен бірлесе отырып азаматтармен түсіндіру жүргізу нәтижесінде 6 азамат тізімнен алынып, қалған 2 азаматпен (Е.Жакаев, А.Кияшев,) жұмыстар атқарылуда.

Округте жат ағымдағы азаматтар ресми түрде тіркелмеген.

         Округте екі мешіт және бір православ шіркеуінің филиалы жұмыс атқарады.

 («Үшарал қаласы інжілдік Мәсіхші баптистердін Шіркеуі» Бұлақты ауылындағы филиалы жұма-жексенбі күндері 5-қатысушылары бар.Разумова Елена.)

        Апта сайын мешітке жұма намазға келіп қатысатын азаматтардың ішінен Теріс ағымдағы дінді насихаттайтын азаматтардың болмауын  қадағалап, апта сайын ішкі саясат бөліміне есеп беріліп отырады. (Бұлақты ауылдық және Әз-Ана Нұрғылқасыл мешітіне барлығы 60-70 адам қатысады)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          

2025 жылға қойылған міндеттер

  1. Салық базасын ұлғайту, тұрақты жұмыс орындарын құру және қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру, кәсіпкерлікті дамыту бағытында тиісті жұмыстарды жүргізу. Инвестиция тарту.
  2. 2. Ауыл шаруашылық саласында ауыспалы егістікке көшу, егістік жерлерді жалға беруді тоқтату, минералды тынайтқыштарды қолдану, мемлекеттік бағдарламаларға қатысып және субсидияларды алуға жәрдемдесу. Сонымен қатар мал басын көбейтіп, мал бордақалау алаңын ашу.
  3. 3. Тыл ардагерлеріне, жалғыз басты қарт адамдарға, мүгедектерге, көп балалы аналарға, көмек көрсету.

4.Ауыл тұрғындарының бау - бақша егу үшін округке келетін басты арықтары мен ішкі арық жүйелерін - округ тұрғындарымен бірлесе отырып тазалайық, Бескөл бекетінен үлкен траншея қазылып, әрбәр көшеге арық суын рет-ретімен бөлу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда

  1. 5. Округімізде 3 табын бар, сонын мал бағымын дұрыс ұйымдастыру және бойдақ малдардында бағуын ретке келтіру.Сонымен қатар аулымызда табын бағатын жер тарылып барады, себебі жидек басып кетті,соған баршамыз ат салысып көктемде бірлесіп көзін жояйық.
  2. Абаттандыру, көгалдандыру

Округке қарасты Бұлақты ауылына ауыз су мәселесін шешу бойынша 18км іс асырылады. Сонымен округке қарасты Бұлақты ауылы, Б.Шоқыжанов және Заготзерно поселкесі Қаныш Сәтбаев көшесіне, Бескөл бекетінде Ә.Қастеев жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.  Сонымен қатар, округ көшелерін жарықтандыру бойынша Бұлақты ауылының  Қатықбай Нүсіпұлы және Бүтіншінов көшелерін жарықтандыру үшін сметалық құжаттары, сараптамасымен әзірленіп, аудандық Тұрғын үй комуналдық бөліміне жолданып, қаражат қарастырылды  мамыр-маусым айларында жөндеу жұмыстар басталады. Және де айта кетейік Бескөл бекетіне шағын футбол алаңын салу жоспарлануда.

Есеп беру баяндамасын қортындылай келе, Бескөл ауылдық округінің барлық тұрғындарына ауылды көркейтуге ат салысуға, береке бірлікпен бар күш-жігерімізді салып, ауылымызбен мақтанатындай дәрежеге жетейік.

     Осымен баяндамам аяқталды, назарларыңызға рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                Қоғамдық тәртіпті сақтау

 

 

2023ж

 

2024ж

Барлық қылмыс

18 (4 ашылмаған)

26

Соның ішінде ауыр дене жарақаты

-

-

Бұзақылық

-

-

Тонау

-

-

Қарақшылық

-

-

Зорлық

-

-

Алаяқтық

3

5

Ұрлық

-

12

Оның ішінде үйге түсу

-

-

Мал

-

-

Магазин ұрлығы

-

-

Телефон ұрлығы

-

-

Басқа қылмыстар

11

9

Қаралған арыз шағымдар

130

218

Толтырылған әкімшілік хаттамалар

1002

629

Профилактикалық есепке алынған адамдар

35

51

Көшеге күл қоқыс төккені үшін

15

22

Жол апаты

-

-

Айыппұл

1000100 теңге

3043480тг салынды

1921112тг  төленді

 

ОПЦ (қоғамдық профилактикалық орталық) – 7 отырыс

ИДН – 4 отырыс.

 

Дата публикации
15 сентября 2025