Бескөл ауылдық округінің 2025-2026 жылдарға арналған Даму жоспары

Бескөл ауылдық округінің

2025-2026 жылдарға арналған

Даму жоспары

Әзірлеуші: «Алакөл ауданының

Бескөл ауылдық округі

әкімінің аппараты» ММ

Бескөл ауылдық округінің 2025 жылға арналған даму жоспары және 2026 жылда атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

2025 жылдың қаңтар айында Бескөл ауылдық округінің 2025-2026 жылдарға арналған даму жоспары бекітілген.

Осы даму жоспарына сәйкес 2025 жылға 7 жоба жоспарланған.

Бүгінгі күнге орындалған 6 жоба, 1 жобаға қаражат қажет етіледі.

Аталған жобалар ауылдық округтің абаттандыру және көгалдандыруына үлкен үлес қосуда. Яғни:

1 жоба: Бұлақты ауылында орналасқан 80 орындық спорт кешені салу. 2025 жылдың шілде спорт кешені қолданысқа берілді. Бүгінгі күнге қазақша күрес, дзюда, самбо, бокс секцияларына 300-ден астам бала жаттығуда, қызметкерлердің саны-15 адам.

2 жоба:Бескөл ауылдық округіне қарасты 4 көшесіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу. Көшелердің атауы: Қ.Сарсембаев, Абай, Ә.Нұрмухамбетов, Құрманғазы. Жобалық-сметалық құжаттары аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсынылып, қаражатқа байланысты Абая көшесіне ғана орта жөндеу жұмыстар жүргізілді.

3 жоба: Бескөл бекетінде орналасқан Достық көшесіне түнгі жарық бағаналарын орнату жұмыстары.

Достық көшесінің жобалық-сметалық құжаттары сараптамасымен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсынылып. Қаражат бөлініп, орнату жұмыстары толық аяқталды.

4 жоба: Қант зауыты поселкасында орналасқан саябақты қоршау. 2025 жылы Бескөл (Қант зауыты) ауылы, Ә.Бейсеуов көшесінің бойындағы саябаққа қоршау орнатуға жобалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сатып алу портал арқылы мердігерді анықтап. Қоршау жұмыстары ағымды жылдың қыркұйек айында толық аяқталды.

5 жоба: Бескөл ауылы, Амангелді көшесенің бойында шағын доп ойнайтын аланың салу. 2025 жылы Бескөл (Заготзерно) ауылы, Амангелді көшесінің бойына шағын доп ойнайтын алаңын салу үшін жер телімін қарастырып, заңдастырылды, сметалық құжаттары әзірленіп, қаражат бөлініп. Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы ашық конкурс тәсілімен жарияланып, мердігер анықталып. Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Тапсырыс беруші- "Алакөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі".

6 жоба: 2025 жылдың наурыз айында сенбілік барысында Бұлақты ауылы, Б. Момышұлы көше бойына 60 дана көшеттер отырғызылды.

7 жоба: - "Алматы облысы, Алакөл ауданы, Бескөл бекеті, стадионын салу және оған қызмет көрсету". Жобаның жалпы кұны смета бойынша – 283 млн теңге. Мемлекеттік сараптамадан өткен жоба. Жобалық-сметалық құжаттары аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсынылды. Қаражат кажет етіледі.

Бескөл ауылдық округінің 2025 жылға арналған даму жоспары

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы (көгалдандыру, абаттандыру) бойынша

1. Бескөл ауылдық округіне қарасты Бұлақты ауылының ауыз су құбырына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және орталықтандырылған ауыз су жүйелерін ұзарту. Құжаттары рәсімделіп мемлекеттік сараптамадан өтті. Жалпы құны 1 млрд 843 млн тенге.

2. Бұлақты ауылында орналасқан Қатықпай және Бүтіншінов көшелеріне түнгі жарық бағаналарын орнату жұмыстары. Жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өткізілген. Жобаның жалпы кұны смета бойынша – 116 866 000 теңге. Жобалық-сметалық құжаттары аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсынылды.

3. Ушарал-Достық автомобильдык жолы бойында орналасқан мұсылман зиратын қоршау жұмыстарын жүргізу. Жалпы жоспарланған қаражат – 20 000 000 теңге.

4. Бұлақты ауылына келетін арық жұйелерін тазарту жұмыстарын жүргізу. Жалпы жұйелерінің ұзындығы – 4 км, жоспарланған қаражат – 2 000 000 теңге.

Жол жөндеу жұмыстары бойынша

1. Бескөл ауылдық округіне қарасты 4 көшесіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу. Көшелердің атауы: Қ.Сарсембаев (19 336 132 теңге), Жургенова (31 454 093 теңге), Ә.Нұрмухамбетов (24 676 568 теңге), Құрманғазы (16 403 658 теңге). Әр бір аталған көшеге жеке сметалық кұжаттары әзірленіп, сараптамадан өтті. Жалпы кұны сметалар бойынша – 91 870 451 теңге. Жобалық-сметалық құжаттары аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсынылды.

Бескөл станциясы, Мустафа Шоқай көшесінен модульный амбулатория құрылысын салу жоспарда бар

Дата публикации
15 сентября 2025