Мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша IV тоқсан есебі

Бескөл ауылдық округі әкімдігімен «Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есепке» талдамалық анықтама

(2024жылдың 4 тоқсаны)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес, есепті кезеңде Бескөл ауылдық округі бойынша 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Оның ішінде:

  1. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру –
  2. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату –
  3. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру –
  4. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу –1.

Сонымен қатар, есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Заңның, тізілімнің, қағиданың және осылардан туындайтын басқа да нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру бойынша 3 іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралға жалпы 3598  адам қатысты.Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерге қатысты 1 – мақала Алакөл газетіне жарияланды.

Оған қоса, ауылдық округте электрондық қызметтерді дамыту мақсатында, округ бойынша 6 мекемеде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналастырылған, қазіргі таңда толық жұмыс жасауда.

Есепті кезеңде аталған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» арқылы 2592 қызмет электронды түрде көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша ІV-тоқсан есебі
Дата публикации
24 декабря 2024