Ауыл шаруашылығы Округ экономикасының негізгі бағытының бірі. Округте барлығы ауыл шаруашылығына тиесілі 17 105 га жер бар, Оның ішінде жайылымдық – 12 078 га, шабындық – 2 797 га, суармалы жер - 3518 га.
2023 жылы осы салада өндірілген өнім көлемі 1 млдр 830 млн теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 104 пайызға артты. Округ бойынша егістік жерлерді игеру жылдан жылға артып келеді. 2023 жылы 3518 га жер игерілді. Оның ішінде майлы дақылдар 2147 га игер игерліп, 5018 тн өнім алынды, дәнді дақылдар 554 гектардан 1660 тн өнім алынды, картоп, көкеніс, бақша 194 га өнімнен 4670 тн өнім, көп жылдық шөп – 500 гектардан 2450 тн өнім алынды.
Округ бойынша күздік сүдігер 1000 га, оның ішінде: терең сүдігер – 100 га жыртылды.
2023-2024 мал қыстату науқанына 5547 тонна жем шөп дайындалды, оның ішінде 800 тонна сабан мен құрама жем 520 тонна дайындалды. Мал қыстату науқаны қалыпты жағдайда.
2024 жылға округке көктемгі дала жұмыстары үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері госагро.кз порталы арқылы шаруа қожалықтар тарапынан сұраныстар берілді.
Округ аумағында ауыл шаруашылығындағы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерге анықтау жұмыстары жүргізіліп, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 7 га суармалы жер алқабы, 500 га жайылымдық жер телімдері конкурс арқылы округ тұрғындары жалға берілді.
«Ауыл аманаты» жобасы бойынша І- траншта округ тұрғындарынан барлығы 14 өтініш жалпы көлемі 120,4 млн тенгеге СПК «Жетісуға» тапсырылып, оның ішінде 6 өтінім кері қайтарылып, 8 өтінім жалпы көлемі 50 млн 900 мың тенгеге несие мақұлданып, берілді. «Ауыл аманаты» жобасының ІІ- трашы бойынша: Барлық өтінім бергендер саны – 25, оның ішінде 20 өтінімі кері қайтарылып, 5 өтінім - 33 млн 500 мың теңгеге несие мақұлданып, несие берілді. Қазіргі таңда несие алған әрбір округ тұрғыны өз істерін бастап, жұмыстарын дөңгелетіп, жүргізу үстінде.
Келер жылға «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 30 жұмыс орнын ашу мен шағын несие беру жоспарлануда.
Ауыл округінің шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығын дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламаның қолдауын көруде. "Алакөл" Кредиттік серіктестігі арқылы "Кең дала" бағдарламасымен көктемгі дала жұмыстарына 55 млн теңгеге несие алынды («Диханшы» ш/қ Артықпаев 10 млн, "Мұрат" Саринова 22 млн, "Шыңғыс"ш/қ Омарбаева Г. 14 млн, "Бектемисова" шқ Бектемисова К. 9 млн).
Округте жалпы 97 дана ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген, оның ішінде тракторлар – 83, комбайндар – 14.
Шаруашылық құрылымдары 2023 жылы техника паркін жаңалауда өз қаражаттары арқылы 45 млн 800 мың теңгеге 3 дана ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алынды.
«Даурен» ш/қ өз қаражаттына 892 Трактор Беларусь – 10 млн, шөп шабатын жапта – 4 млн, пресс подборщик – 3 млн. тенге. сатып алынды
Мал шаруашылық саласы да қарқында дамуда. Мал басының негізгі түрлері бойынша өсуі тұрақты. Бұл салада мал тұқымын асылдандыру, ет өндіру көлемін ұлғайту және сапасын арттыру шараларын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекеттік агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы аясында мал шаруашылығын қолдауға 2023 жылы 950 мың теңге субсидия берілді.
2024 жылдың І жарты жылдығына округте ірі қара - 2750 бас, (аналығы –1200 бас) оның ішінде Қалмақ тұқымды мүйізді қара 50 бас, ұсақ мүйізді - 2700 бас (ұсақ мүйізді аналығы - 1850), жылқы - 1000 бас (аналығы - 379 бас), құс - 3763 дананы құрады. Ветеринария саласы жоспарға сәйкес көктемгі қан алу жұмыстары жүргізілу үстінде. Мал басын бірдейлендіру шаралары бойынша жас туған төлдер сырғаланып, малдар туралы мәліметтер компьютерленген дерек қорға кіргізіліп және сойылып, етке өткізілген малдар дерек қордан шығарылуда.
2024 жылы барлық егіс көлемін 3518 гектарға игеру жоспарымызда, оның ішінде дәнді дақылдар - 253 га, қант қызылща - 75 га, майлы дақылдар - 2224 га, картоп - 115 га, көкеніс пен бақша дақылдары - 78 га, азықтық дақылдар - 415 га.
Келер жылға «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 30 жұмыс орнын ашу мен шағын несие беру жоспарлануда.