Әкімнің баяндамасы

Бескөл ауылдық округінің  2023 жылдың  әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен  міндеттері» туралы округ әкімі Н.М.Бейсембаевтың есебі

 

«_____»__________2024ж

 

Құрметті  Алмас Сапарғалиұлы !

Құрметті қауым!

 

Тұрғындарды әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету жағдайы экономикамыздың қуатты болуына тікелей байланысты. 2023 жылдың ішінде Бескөл ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму қортындысы - экономикалық өсу қарқынының сақталғандығын айқындайды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауылдық округ экономикасында  тұрақты  өсім  қалыптасып,  даму  көрсеткіштері  ілгерілеуде.

Ауылдық округіне қарасты алты елді мекен бар. Жалпы халық саны – 9070 адамды құрайды.

Ауыл шаруашылығы Округ экономикасының негізгі бағытының бірі. Округте  барлығы ауыл шаруашылығына тиесілі 17 105 га жер бар, Оның  ішінде  жайылымдық – 12 078 га, шабындық – 2 797 га, суармалы жер -  3518 га.

2023 жылы осы салада өндірілген өнім көлемі 1 млдр 830 млн теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 104 пайызға артты. Округ бойынша егістік жерлерді игеру жылдан жылға артып келеді. 2023 жылы 3518 га жер игерілді. Оның ішінде майлы дақылдар 2147 га игер игерліп, 5018 тн өнім алынды, дәнді дақылдар 554 гектардан 1660 тн өнім алынды, картоп, көкеніс, бақша 194 га өнімнен 4670 тн өнім, көп жылдық шөп – 500 гектардан 2450 тн өнім алынды.

  Округ бойынша күздік сүдігер 1000 га, оның ішінде: терең сүдігер – 100 га жыртылды.

         2023-2024 мал қыстату науқанына 5547 тонна жем шөп дайындалды, оның ішінде 800 тонна сабан мен құрама жем 520 тонна дайындалды. Мал қыстату науқаны қалыпты жағдайда.

           2024 жылға округке көктемгі дала жұмыстары үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері госагро.кз порталы арқылы шаруа қожалықтар тарапынан сұраныстар берілді.

         Округ аумағында ауыл шаруашылығындағы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерге анықтау жұмыстары жүргізіліп,          ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 7 га суармалы жер алқабы,  500 га жайылымдық жер телімдері конкурс арқылы округ тұрғындары жалға берілді.

          «Ауыл аманаты» жобасы бойынша  І- траншта округ тұрғындарынан барлығы 14 өтініш жалпы көлемі 120,4 млн тенгеге СПК «Жетісуға» тапсырылып, оның ішінде 6 өтінім кері қайтарылып, 8 өтінім жалпы көлемі 50 млн 900 мың тенгеге несие мақұлданып, берілді. «Ауыл аманаты» жобасының ІІ- трашы бойынша: Барлық өтінім бергендер саны – 25, оның ішінде 20 өтінімі кері қайтарылып, 5 өтінім - 33 млн 500 мың теңгеге несие мақұлданып, несие берілді. Қазіргі таңда несие алған әрбір округ тұрғыны өз істерін бастап, жұмыстарын дөңгелетіп, жүргізу үстінде.

Келер жылға «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 30 жұмыс орнын ашу мен шағын несие беру жоспарлануда.

Ауыл  округінің шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығын дамытуға арналған  Мемлекеттік бағдарламаның  қолдауын көруде. "Алакөл" Кредиттік серіктестігі арқылы "Кең дала" бағдарламасымен көктемгі дала жұмыстарына 55 млн теңгеге несие алынды («Диханшы» ш/қ Артықпаев 10 млн, "Мұрат" Саринова 22 млн, "Шыңғыс"ш/қ Омарбаева Г. 14 млн, "Бектемисова" шқ Бектемисова К. 9  млн).

Округте жалпы 97 дана ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген, оның ішінде тракторлар – 83, комбайндар – 14.

Шаруашылық құрылымдары 2023 жылы техника паркін жаңалауда өз қаражаттары арқылы 45 млн 800 мың теңгеге 3 дана ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алынды.

 «Даурен» ш/қ өз қаражаттына 892 Трактор Беларусь – 10 млн, шөп шабатын жапта – 4 млн, пресс подборщик – 3 млн. тенге. сатып алынды

Мал шаруашылық саласы да қарқында дамуда. Мал басының негізгі түрлері бойынша өсуі тұрақты. Бұл салада мал тұқымын асылдандыру, ет өндіру көлемін ұлғайту және сапасын арттыру шараларын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы аясында мал шаруашылығын қолдауға  2023 жылы  950 мың теңге субсидия берілді.

         2024 жылдың І жарты жылдығына округте ірі қара - 2750 бас, (аналығы –1200 бас) оның ішінде Қалмақ тұқымды мүйізді қара 50 бас, ұсақ мүйізді - 2700 бас (ұсақ мүйізді аналығы - 1850), жылқы - 1000 бас (аналығы - 379 бас), құс - 3763 дананы құрады. Ветеринария саласы  жоспарға сәйкес көктемгі қан алу жұмыстары жүргізілу үстінде. Мал басын бірдейлендіру шаралары бойынша жас туған төлдер сырғаланып, малдар туралы мәліметтер компьютерленген дерек қорға кіргізіліп және сойылып, етке өткізілген малдар дерек қордан шығарылуда.

         2024 жылы барлық егіс көлемін  3518 гектарға игеру жоспарымызда, оның ішінде дәнді дақылдар - 253 га, қант қызылща - 75 га, майлы дақылдар - 2224 га, картоп - 115 га, көкеніс пен бақша дақылдары - 78 га, азықтық дақылдар - 415 га.

         Келер жылға «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 30 жұмыс орнын ашу мен шағын несие беру жоспарлануда.

 

Салық саласы

2023 жылы салық саласы бойынша жалпы түсім 62 млн 683 мың теңгені құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 151,2 пайызды көрсетеді. Атап айтқанда,

Салық түрлері

2022 жыл орындалуы

2023 жылы нақты орындалуы

пайызы

      Жеке кәсіпкерлерден түсетін табыс салығы

9 216

20 763

225,2

Мүлік салығы

897

770

85,8

Жер салығы

2 714

892

32,8

Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салығы

3 107

4 556

146,6

Көлік салығы

23 620

28 978

122,6

Сыртқы жарнамадан алынатын төлем

40

41

102,5

Жер уческелерін пайдаланғаны үшін төлем

1861

4 641

249,3

Бірыңғай жер салығы

0

2 042

 

Барлық салық түрлері бойынша

41 455

62 686

151,3

                

 

 

2023 жылы салық түсімдерін жылдық болжаммен салыстыратын болсақ,  төмендегідей көрсеткіш береді:

 

Салық түрлері

2023 жылдық болжам

2023 жылы нақты орындалуы

пайызы

      Жеке кәсіпкерлерден түсетін табыс салығы

15 896

20 763

130,6

Мүлік салығы

738

770

104,3

Жер салығы

778

892

114,6

Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салығы

3 700

4 556

123,1

Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салығы

27 414

28 978

105,7

Жарнама бойынша

38

41

108,9

Аренда бойынша

3 163

4 641

146,7

Бірыңғай жер салығы

-

2 042

-

Барлық салық түрлері бойынша

50 727

62 686

123,6

 

     2022 жылы бос қалдық қаражат 1, 686 млн болса,  2023 жылы   11,959млн теңгені құрап отыр.

       Округ бойынша 2023 жылдың басында тіркелмеген үйлер саны 380 болды. Жылдың аяғына дейін 38 үйдің құжаты тіркелді, 15 үйдің құжаты рәсімделу үстінде. Биылғы жылға 342 үйдің құжаты тіркелуді қажет етіп тұр. Қалған үйлердің тіркелмеген себептері, негізінен қаражат жағдайына байланысты болып отыр.

 

          ИНВЕСТИЦИЯ

          Инвестиция округ дамуының маңызды индикаторы болып табылады. Бескөл ауылдық округін дамытуға 2022 жылы 942 млн теңге инвестиция тартылды.

Оның ішінде бюджет есебінен 506 млн. теңге тартылса. (Бұлақты ауылында орналасқан 80 орындық спорт кешені салу -500 млн.тенге, Бескөл бекеті Абай көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп толығымен аяқталды, арық жүйесін тарту – 5 млн.тенге, Достық көшесін жарықтандыру 12,527млн теңге, Бескөл бекеті, Ә.Бейсеуов көшесі бойындағы балалар спорт алаңына 3 млн теңгеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді,  Бескөл бекетіндегі саябақты қоршауға 4 985 млн теңге жұмсалды.)

533 млн.теңге бюджеттен тыс қаражат есебінен тартылған. Сауда орталығы-350 млн, Тұрғын үй құрылысы- 163 млн. тенге, азық-түлік және жеміс-жидек дүкендер – 20 млн).

Округ тұрғындарының салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Бұлақты ауылында орналасқан 80 орындық спорт кешені салынып, қолданысқа берілді.

 

ӨНЕРКӘСІП

 

Өнеркәсіп саласында 2023 жылы кәсіпорындарымен өндірілген өнім көлемі  1 млрд 335млн тенгені құрады. Ірі өндірістік кәсіпорындар - «Бакытбек Қаратал» ЖШС 850 млн.теңгеге балық өнімін өндірсе «Алакөл-көмір» ЖШС кірпіш цехының шығарылатын материалдардан 35 млн. теңге өнім шығарды.

ЖШС «Алакөл» Қант зауытынына қарасты кислород цехы 10000 кубқа өнім өндіріп жалпы соммасы 3 млн 800 мың тенге құрады.

 

2023 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның қала, ауылдық округтер бөлінісінде орындалуы туралы ақпарат

І бағыт. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету  

Кәсіптік оқуға жіберу жоспары бойынша барлығы - 5 адам жоспарланса,7 адам толығымен оқуға жіберілді;

         2-ші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша: Мемлекеттік гранттың жоспары бойынша - 7 адам болса қазіргі таңға дейін 4 адам осы грант иегері болды.

         3-ші бағыты Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту  бойынша:

Әлеуметтік жұмыс орындарының жоспары бойынша - 4адам жоспар болса,4 адамда жұмысқа орналасты жіберілді.

         Жастар практикасына жіберуге жоспар бойынша 6 адам болса,барлығы  8 адам жастар практикасына  жіберілді,тұрақты жұмысқа 2 адам орналасты.

         «Күміс жас» жобасы бойынша жоспарда - 8 адам  болса, 3адам күміс жас жобасы бойынша жұмысқа орналасты.

         «Алғашқы жұмыс орны»жобасы бойынша  жоспар бойынша 8 адам болса,бұл жоба бойынша  7 адам жұмыс жасап жатыр.

         «Ұрпақтар келісім шарты» жобасының жоспары орындалмады.

         Қоғамдық жұмысқа жіберу бойынша жоспарда - 15 адам болса, қазіргі кезде 24 адам қоғамдық жұмыста жасады.

        2023 жылы  көп балалы отбасылар санының барлығы-185 адам болса,соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны қазіргі уақытқа дейін барлығы 53 адам өтініш білдіріп, отбасы мүшелерінің саны 303 адам болса,атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 22млн 170мың 528 теңге қаражат бөлінді;

        Соның ішінде 1 жастан 6 жас аралығындағы 43 отбасы,83  балаға, 2 млн 887мың 650теңге бөлінді;

         Балабақша мен шағын орталыққа баратын 5 балаға 214 050теңге бөлінді.

              Тұрғын үй көмегіне 6 адам өтініш білдіріп, 223 789 теңге көлемінде қаражат бөлініп отыр.

              Туберкулез ауыруымен ауыратын 10 адамға 1 239 151 теңге әлеуметтік төлемдер төленді;

              Әлеуметтік көмек алушылардың ішінде мүгедек баласы бар үйден оқитын 17 балаға, 1 227 087 теңге көлемінде қаражат төленді;

              Сонымен барлық әлеуметтік төлемдерге 258 адамға 4млн 450мың 500теңгеге әлеуметтік көмектер көрсетілді.

              Білім, денсаулық, мәдениет, ветеренария сала қызметкерлеріне бір реттік қатты отынға бөлінген қаражат саны барлығы 213 адамға 3 674 250 теңге көлемінде қаражат төленді.

              ҰОС, Ауған Тәжік соғысына қатысқан ардагерлерге бір жолғы әлеуметтік көмек барлығы 31 адамға, 3млн 210 мың теңге көлемінде қаражат төленді;

              Пробация есебінде тұрған 1 адамға әлеуметтік көмекке 51 750 теңге төленді;

              2023 жылға барлығы 674 әлеуметтік көмек алушы 35 674 505 теңге көлемінде төлемдер төленіп отыр.

 

Жаңа жұмыс  орны бойынша жоспар:

Округ бойынша тұрақты жұмыс орындары жоспары 120 адамға болса, тұрақты жұмысқа 120 адам орналасып отыр.

Маусымдық жұмысқа барлығы 85 адамға жоспарланса, 85 адам маусымдық жұмыс атқарды

          Бескөл ауылдық округі бойынша 2023 жылы округіміздің кәсіпкерлері ауыл азаматтары аз қамтылған жалғыз басты аналар,мүгедектер,жалғыз басты қарттарға қайырымдылық көмек көтсетті,атап айтатын болсақ азық түлік,қатты отын,дәрі дәрмек,тұрмысқа қажетті қандайда бір көмек болса,сол көмектерден демеушілер қалыс қалмай бар көмектерін аямады.

 

КОММУНАЛДЫҚ САЛА

 

Жолдар бойынша

Бескөл ауылдық округі бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 58,62 шақырымды  құрайды (72 көше). Олардың 25 шақырымы асфальтты (21 көше), 9,32 шақырымы (15 көше) тас-қиыршықты, 24,3 шақырымы (36 көше) топырақ жолдар.

2023 жылы  Бескөл бекеті Абай көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп толығымен аяқталды.

Сонымен қатар биылғы жылы округіміздің 4 көшесіне, яғни Бұлақты: Сарсембаев,  Заготзерно ауылы: Курмангазы, Нұрмұхамбетова, Жүргенов көшелеріне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп, орта жөндеу жұмыстары атқарылатын болады. Жалпы кұны сметалар бойынша – 91 870 451 теңге.

         2024жылы Ушарал-Достық автомобильдык жолы бойында орналасқан мұсылман зиратын қоршау жұмыстарын жүргізу. Жалпы жоспарланған қаражат – 20 000 000 теңге.

 

 

                                     

                                         Жарықтандыру бойынша.

 

         Бұлақты ауылында орналасқан Қатықпай және Бүтіншінов көшелеріне түнгі жарық бағаналарын орнату жұмыстары. Жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өткізілген. Жобаның жалпы кұны смета бойынша – 116 866 000 теңге. Жобалық-сметалық құжаттары аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсынылды.

 

Жылумен қамтамасыз ету

 

Бескөл ауылдық округі орталық жылу қазандығының желісі 4-көп қабатты үйлер мен 1-білім мекемесі жылу жүйесіне қосылып, жылу энергиясын пайдалануда.

Бескөл ауылдық округінде 1980 жеке басты үйдің 100 пайызы қатты отынмен қамтылды.

Бескөл ауылдық округіне қарасты елді мекендерде 6 қатты отынды бөлшектеп сататын орындар орналасқан. Олар аудан және ауылдың тұрғындарын қатты отынмен қамтамасыз етеді.

 

Ауыз сумен қамтамасыздандыру

 

Округте орталықтандырылған су құбырымен 1162 үй – 4551 адам пайдаланады. Орталықтандырылған су құбырына 32 көше, 3 мектеп, 2 балабақша, 2 дәрігерлік амбулатория, 10 теміржол мекемелері, 1 мешіт, 10 сауда орындары қосылған.автономды  колонкамен  818 үй 3918 адам пайдаланады. (Бұлақты ауылында—2455, Қант зауыта-1531адам).

Округтің тұрғындарының 56% (35,2 км) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.

Округке қарасты Бұлақты ауылы тұрғындарын 100 % орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге су құбырың желілерін 18 шақырымға ұзартуды және округте қарасты Заготзерно ауылында орналасқан су мұнарасы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық  Құжаттары рәсімделіп мемлекеттік сараптамадан өтті.  Жалпы құны 1 млрд 843 млн тенге.

 

Округте  санитарлық тазалық  күн тәртібінен түспейтін мәселенің бірі болғандықтан, қоғамдық көпшілік орындарда тазалық жұмыстары күнделікті атқарылуда бей-берекет төгілген қоқыстар тазаланып, шығарылды.

       Сондай-ақ округте безендендіру, мерекелік және әлеуметтік мәтінде баннерлер орнатылды.

Округ бойынша көктемгі және күздік санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын өткізу кезінде округ тұрғындарымен қатар темір жол мекемесінің жұмысшылары сенбіліктерге қатысып, өздерінің аумақтарын арам шөптен арылтып, жабайы өскен талдарды, қураған ағаштарды  шауып, ішкі арық жүйелерін тазалауға белсенді қатысты.

 Жалпы 100 тонна қоқыс шығарылды. Қоғамдық жерлерді өз кезеңінде әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді.

 

Білім саласы

 

     Бескөл ауылдық округінде білім жүйесінде 3 жалпы білім беретін мектеп, 3 мектепте 1505 оқушы, 2 балабақшада 100 бала,  80 орындық 2 шағын орталықта 77 бала тәрбиеленуде.

2023 жылы округ  бойынша 78 оқушы мектепті аяқтады. Оның 37 (43 бала грантқа түсті, 19 ақылы бөлімге), жоғарғы оқу орынан коллеждге 15 бала түсті.

 

Денсаулық сақтау саласы

 

Округте 2 дәрігерлік амбулатория халыққа қызмет көрсетуде. Онда 2 дәрігер, 20 орта буынды медицина қызметкерлері қызмет етеді.  

Туберкулез ауыруымен ауыратын 10 адамға 1 239 151 теңге әлеуметтік төлемдер төленді;

 

Мемлекеттік қызмет көрсету

Бескөл ауылдық округінде жыл басынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық түрде алуға шақыратын көптеген іс-шаралар және округ тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің электрондық үкімет веб-порталы арқылы алуға болатындығы жөніндегі кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Сонымен қатар "Алакөл" газетіне 1 мақала жарияланса, интернеттік желіге қысқа ментражды 2 ролик түсіріліп, әлеуметтік желілерге таратылды. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және сапалы қызмет беру мақсатында  Бескөл ауылдық округіне қарасты 3 мектеп пен 2 балабақша ғимаратында және әкімшілік орналасқан Бұлақты мәдениет үйінде "Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" жұмыс жасауда. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы әр адам өздігінен электронды үкімет порталынан кез келген электронды мемлекеттік қызметті ала алады. Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу барысында қиындықтар туындаған жағдайда аталған мекемелердің жауапты мамандарынан кеңес алуға болады. Түсіндірме жұмыстардың нәтижесінде округ тұрғындарының Халыққа қызмет көрсету орталығынан қызмет алуы азайды. Қазақстанның электрондық үкіметінің порталы 191 электрондық қызметілсе, оның ішінде округ бойынша 5 түрінен 2592 анықтама берілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету  округ бойынша 7 түрі көрсетіледі, олар:

  1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» өтініш түспеген.
  2. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» өтініш.
  3. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру».
  4. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» өтініш.
  5. «Сауда саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» өтініш.
  6. « Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» бойынша өтініш.
  7. «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату» бойынша өтініш.

 

Е-лицензировая бағдарламасы бойынша

2023 жылға  20-өтініш түсті  16-қанағатандырылды,  4- өтініш дәлелді хабарламалармен бас тартылды.

 

2023 жылға 42-шешім . Жеке құрам бойынша -3 өкім,  негізгі қызмет бойынша-19, өндірістік өкім-74 барлығы -97 өкім.

 

Е-өтініш бағдарламасы бойынша

2023 жылға  55-өтініш түсті,  жеке тұлғалардан 46- өтініш, заңды тұлғалардан – 4 өтіні, сұраныс- 5 барлығы қанағатандырылды. Жыл бойына 28 жеке қабылдау болып, 60 азамат қабылданды.

 

Дін

 

«ҚР діни экстремизм мен терроизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында құзырлы мекемелермен және имамдармен бірлесе отырып, отырыстар ұйымдастырылды. Округте жат ағымдағы азаматтар ресми түрде тіркелмеген.

        Округте екі мешіт және бір православ шіркеуінің филиалы жұмыс атқарады.

 («Үшарал қаласы інжілдік Мәсіхші баптистердін Шіркеуі» Бұлақты ауылындағы филиалы жұма-жексенбі күндері 5-қатысушылары бар.Разумова Елена.)

Апта сайын мешітке жұма намазға келіп қатысатын азаматтардың ішінен Теріс ағымдағы дінді насихаттайтын азаматтардың болмауын  қадағалап, апта сайын ішкі саясат бөліміне есеп беріліп отырады. (Бұлақты ауылдық және Әз-Ана Нұрғылқасыл мешітіне барлығы 60-70 адам қатысады)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             

2024 жылға қойылған міндеттер

  1. Салық базасын ұлғайту, тұрақты жұмыс орындарын құру және қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру, кәсіпкерлікті дамыту бағытында тиісті жұмыстарды жүргізу. Инвестиция тарту.
  2. 2. Ауыл шаруашылық саласында ауыспалы егістікке көшу, егістік жерлерді жалға беруді тоқтату, минералды тынайтқыштарды қолдану, мемлекеттік бағдарламаларға қатысып және субсидияларды алуға жәрдемдесу. Сонымен қатар мал басын көбейтіп, мал бордақалау алаңын ашу.
  3. 3. Тыл ардагерлеріне, жалғыз басты қарт адамдарға, мүгедектерге, көп балалы аналарға, көмек көрсету.

4.Ауыл тұрғындарының бау - бақша егу үшін округке келетін басты арықтары мен ішкі арық жүйелерін - округ тұрғындарымен бірлесе отырып тазалайық, Бескөл бекетінен үлкен траншея қазылып, әрбәр көшеге арық суын рет-ретімен бөлу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда

  1. 5. Округімізде 3 табын бар, сонын мал бағымын дұрыс ұйымдастыру және бойдақ малдардында бағуын ретке келтіру.Сонымен қатар аулымызда табын бағатын жер тарылып барады, себебі жидек басып кетті,соған баршамыз ат салысып көктемде бірлесіп көзін жояйық.
  2. Абаттандыру, көгалдандыру

Округке қарасты Бұлақты ауылы, Қ.Сәрсембаев және Заготзерно поселкесі, Т.Жүргенов, Ә.Нұрмұхамбетов, Құрманғазы Сағырбайұлы көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.  Сонымен қатар, округ көшелерін жарықтандыру бойынша Бұлақты ауылының  Қатықбай Нүсіпұлы және Бүтіншінов көшелерін жарықтандыру үшін сметалық құжаттары, сараптамасымен әзірленіп, аудандық Тұрғын үй комуналдық бөліміне жолданып, қаражат қарастырылды  мамыр-маусым айларында жөндеу жұмыстар басталады.

Көгалдандыру бойынша биылғы жылы Б.Момышұлы көшесінің бойына және Бескөл бекетінің темір жол станциясының манайына 50 тұп қарағай көшеттерін отырғызуды жоспарлап отырмыз. Есеп беру баяндамасын қортындылай келе, Бескөл ауылдық округінің барлық тұрғындарына ауылды көркейтуге ат салысуға, береке бірлікпен бар күш-жігерімізді салып, ауылымызбен мақтанатындай дәрежеге жетейік.

     Осымен баяндамам аяқталды, назарларыңызға рахмет!

 

                Қоғамдық тәртіпті сақтау

 

 

2022ж

 

2023ж

Барлық қылмыс

47 (2 ашылмаған)

18 (4 ашылмаған)

Соның ішінде ауыр дене жарақаты

5

-

Бұзақылық

-

-

Тонау

-

-

Қарақшылық

-

-

Зорлық

-

-

Алаяқтық

1

3

Ұрлық

19

-

Оның ішінде үйге түсу

2

-

Мал

3

-

Магазин ұрлығы

-

-

Телефон ұрлығы

6 (6-ашылған)

4

Басқа қылмыстар

11

11

Қаралған арыз шағымдар

123

130

Толтырылған әкімшілік хаттамалар

819

1002

Профилактикалық есепке алынған адамдар

54

35

Көшеге күл қоқыс төккені үшін

33

15

Жол апаты

1

-

Айыппұл

846 323 теңге

1000100 теңге

 

ОПЦ (қоғамдық профилактикалық орталық) – 7 отырыс

ИДН – 4 отырыс.

 

 

 

Дата публикации
26 марта 2024