GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Әкім аппараты
Қызметі
Байланыс ақпарат
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Все материалы
23 октября 2026
"Өрт қауіпсіздігі мен өрттің алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Арқарлы ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен "Өрт қауіпсіздігі мен өрттің алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға әкімшілік қызметкерлері, мәдениет үйінің қызметкерлері, спорт және жастар нұсқаушылары қатысты.Дөңгелек үстел барысында өрттің алдын алу шаралары, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, қауіпсіздік ережелерін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қатысушыларға өрт шыққан жағдайда әрекет ету тәртібі түсіндіріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.

22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ


Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жаңа мемлекеттік координаттар жүйесі QazTRF-23-ке көшеді. Сол себепті демалыс және мереке күндері, 2026 жылғы 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін ЖМБМК мен Жария кадастрлық картасында техникалық жұмыстар жүргізіледі.

Технологиялар дамыған сайын координаттарды анықтау тәсілдері де жаңаруды қажет етеді. Бұрын координаттар спутниктік технологиялар пайда болмай тұрып жасалған әдістермен анықталса, бүгінде заманауи технологиялар бұл жұмысты дәлірек орындауға мүмкіндік береді. Жаңа координаттар жүйесіне көшу – әлемдік тәжірибе және Қазақстан да осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі кеңістіктік деректер, цифрлық карталар мен сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшіріледі.

QazTRF-23 – ескірген геодезиялық жүйелердің орнына іске қосылған заманауи әрі ашық мемлекеттік координаттар жүйесі. Оның көмегімен Қазақстан аумағындағы жер учаскесінің, ғимараттың, жолдың немесе басқа да обьектінің орналасқан жері анықталады.

Аталған күндер аралығында жер кадастрына, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеруге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылданбайтынын ескерген жөн. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алу мүмкіндігі сақталады.

Алдағы өзгерістерге байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы азаматтар мен ұйымдарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін цифрлық сервистер әдеттегі тәртіпте жұмысын жалғастырады.

20 октября 2026
Жетісу облысында дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі танымал болып келеді

Жетісу облысында дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі танымал болып келеді
Жетісу облысының тұрғындары арасында Халыққа қызмет көрсету орталығында рәсімделген дайын құжаттарды үйге немесе көрсетілген мекенжайларға жеткізу қызметі танымал бола бастады.
Бүгінде дайын құжаттарды жеткізу сервисі 18 мемлекеттік қызмет бойынша қолжетімді және бұл тізім кезең-кезеңімен кеңейтілуде. Олардың қатарында жылжымайтын мүлікті тіркеу, жер учаскелеріне актілер, білім туралы құжаттарды апостильдеу, мұрағаттық анықтамалар және әскери билет телнұсқалары бар. Жетісу облысы бойынша жеткізу құны 1 036 теңгені құрайды.
Сонымен қатар, Мамандандырылған ХҚКО желісі бойынша жүргізуші куәліктерін, техпаспорттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірлерін де үйге алдыртуға болады.
Мамандандырылған ХҚКО қызметтерінің тарифі бөлек есептеледі.
«Біздің мақсатымыз — халық үшін қолайлы жағдай жасау. Маңызды құжатты алу үшін азаматтарға енді жұмыстан сұранудың немесе жолға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ – олар құжатты Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ ала алады», — деп атап өтті филиал директоры Абзал Омаров.
Құжат дайын болған кезде азаматтың телефон нөміріне 1414 қызметінен арнайы сілтемесі бар SMS-хабарлама келеді. Сілтеме арқылы өтінімді толтырып, жеткізу мекенжайын көрсету қажет. Егер тапсырыс сағат 17:00-ге дейін жасалса – сол күні, ал 17:00-ден кейін жасалса – келесі жұмыс күні жеткізіледі. Жеткізу мәртебесін «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады.
Жеке деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында курьер дайын құжатты жеткізу кезінде алушының жеке басын куәландыратын құжатын тексереді және 1414 нөмірінен алынған бірегей SMS-кодты сұрайды.

19 октября 2026
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел

Арқарлы ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушы З.Канатбекова Арқарлы орта мектебінің оқушыларымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  Шараға Арқарлы орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары қатысты.  Жиында оқушыларға «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» туралы түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, оқушылармен  тақырып бойынша сауалнама алынды.

13 октября 2026
Жеке қабылдау өтті.

Жеке қабылдау өтті.

13.10.2026 жылы округ әкімі аппаратының  ғимаратында округ әкімінің тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы өтті. Жеке қабылдауға  азаматша З.Канатбекова өзінің өтінішімен жүгінді. Округ әкімі аталған өтінішті назарға алу үшін және шешу мақсатында округ аппаратының қызметкерлеріне тапсырма берді.

07 октября 2026
"Нашақорлыққа жол жоқ"тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Арқарлы ауылдық округінде «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Шараға әкімшілік қызметкерлері, ауылдық кітапханашы, мәдениет үйінің ұжымы және учаскелік полиция инспекторы қатысты.
Жиында есірткінің зияны, оның алдын алу жолдары мен заңдық жауапкершілік талқыланды. Қатысушылар жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және ақпараттандыру жұмыстарын белсенді жүргізу қажеттігін атап өтті.осының орысшасы керек

05 октября 2026
Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды

Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жасанды интеллект негізінде әзірленген жаңа шешімдерін көпшілік назарына ұсынды.
Солардың бірі - «AI Senim» атты дауыстық AI-ассистенті. Ол азаматтарға 100-ден астам мемлекеттік қызмет бойынша кеңес беріп, қажетті ақпаратты жедел ұсынады. Бүгінде «AI Senim» ай сайын орта есеппен 25–30 мың өтінішті өңдейді. Оның 40%-ына AI-ассистенттің өзі жауап берсе, қалған 60%-ы егжей-тегжейлі кеңес алу үшін операторларға жолданады.
«Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі заман талабына сай үздіксіз жетілдіріліп, халық үшін барынша қолайлы болып келеді. Бұдан әрі де осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін инновациялық шешімдерді енгізуді көздеп отырмыз. Атқарылып жатқан шаралар мемлекеттік қызметтерді алу кезінде барынша қолжетімділік пен жайлылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосатынына сенімдімін», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Қазіргі таңда 1414 желісіне келіп түсетін әрбір 20-шы қоңырау AI-ассистенттің қатысуымен өңделеді. Алдағы кезеңде оның ауқымын кеңейтіп, барлық қоңырауды алдымен «AI Senim» қабылдайтындай жүйеге көшіру көзделіп отыр.
AI-ассистент азаматтың сөзін танып, сұрағының мәнін анықтайды және тиісті ақпаратты ұсынады. Қазір оның функционалын кеңейту, соның ішінде динамикалық қызметтерді іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Болашақта азаматтар тек кеңес алып қана қоймай, дауыстық ассистентпен сөйлесу барысында кейбір мемлекеттік қызметтерді бірден рәсімдей алады.
Форум барысында AI-ассистенттің жұмысын бақылауға арналған арнайы платформа да таныстырылды. Оның көмегімен нақты уақыт режимінде келіп түскен сұраныстардың саны, сөйлесу ұзақтығы және өзге де көрсеткіштер қадағаланады.
Сонымен қатар мамандар қоңырау жазбасын тыңдап, диалогтың толық мәтінін және AI-ассистент өңдеген сауалдың нәтижесін көре алады. Жаңа платформа арқылы азаматтардың сөйлесу барысындағы көңіл күйі мен тоналдылығын талдауға да мүмкіндік бар.

02 октября 2026
"Қарты бар елдің -қазынасы бар" атты кешіміз өтті

Құрметті ауыл тұрғындары, ардақты ақсақалдар мен аналар!

​Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
​Бұл – жай ғана мереке емес, еліміздің өркендеуіне өмір бойы адал еңбек еткен, ұрпақ тәрбиелеп, өнегелі жол салған ардақты аға буынға терең құрмет пен тағзым білдіретін айтулы күн. Сіздердің даналықтарыңыз, сабырлылықтарыңыз бен өмірлік мектептеріңіз – біз үшін қашан да сарқылмас қуат көзі.
​«Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, бүгінгі бейбіт те берекелі заманымыз – сіздердің төккен терлеріңіз бен төзімділіктеріңіздің жемісі. Округіміздің әрбір жетістігінде сіздердің салмақты қолтаңбаларыңыз бар.
​Ардақты қариялар, сіздерге әрқашан мықты денсаулық, көңілді көңіл-күй және ұзақ ғұмыр тілеймін. Төріміздің сәні, ауылымыздың құты болып, ұл-қыздарыңыз бен немере-шөберелеріңіздің ортасында аман-есен, бақытты өмір сүре беріңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!

29 сентября 2026
Қазақстанда астық жинау 83%-ға аяқталды

Қазақстанда астық жинау 83%-ға аяқталды

Қазақстанда егістік құрылымындағы дәнді дақылдардың үлесі бидай алқаптарының қысқаруы және майлы дақылдардың 5,2 млн гектарға дейін кеңеюіне байланысты 72%-дан 66%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы.

28 сентября 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында екінші орын алған қазақтың шахматшы қыздарын құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында екінші орын алған қазақтың шахматшы қыздарын құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында екінші орын алған қазақтың шахматшы қыздарын құттықтады. Отандастарымыз әлемдегі ең мықты, әйгілі команда – Қытай құрамасына ғана есе жіберіп, үлкен нәтиже көрсетті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы