Ауыл шаруашылығы бойынша.
Округтің негізгі экономикалық көрсеткіштерін ауыл шаруашылық саласы құрайды. Бұл салада 1 сенім серіктестігі мен 34 шаруа қожалық еңбек етеді.
Округ бойынша барлық жер көлемі 11 мың 576 гектарды құрайды оның 6114 га егістік, 1708 га шабындық, 3581 га жайылым және 173 гектарды басқа да жерлер құрайды. (108 га округ тұрғындарының егістік (бау-бақша) жері)
Биылғы жылы 6222 гектар жер игерілді олар:
5020 га дәнді дақылдар әр гектарынан 18 центнерден өнім алынды
108 га картоп, көкөніс, бақша өнімдері әр гектарынан 230 центнерден өнім алынды.
280 га күнбағыс әр гектарынан 8 центнерден өнім алынды
814 г-р азықтық дақылдар гектарынан 23 ц/ өнім жиналды.
2024 жылға 1300 гектар күздік бидай себіліп, 3000 гектар сүдігерге жыртылды.
Осы жұмыстарды жүргізуге «Жазылбеков и К» сенім серіктестігі 120 тн жеңілдетілген дизел отынын, 50 тонна тыңайтқыш және 7 мың 440 литр «Гербицид» алып, қолданды.
Мал шаруашылығы саласына келер болсақ:
Ірі қара мал саны – 3300 бас, ұсақ мүйізді 17680 бас, жылқы 977 бас, шошқа 146 бас және құстар - 6763.
«Жазылбеков и К» сенім серіктестігі асыл тұқымды бағытындағы мал бастары көбеюде «Алатау» тұқымды 300 бас, «Қазақтың ақ бас» тұқымды-770 бас, «Қазақтың биязы жүнді» қойы 11104 басты құрайды. Толығымен ИАС бағдарламасына енгізілген. Ветеринариялық профилактикалық жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылды, оң нәтиже берген мал бастары жоқ.
Мал бордақылау: «Жазылбеков и К» сенім серіктестігі мал бордақылау алаңына 2000 ұсақ мүйізді малы қойылды.