Әкім сөйлеген сөздері

Құрметті ұстаздар! Қадірлі ата-аналар мен оқушылар!

Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

1 қыркүйек барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі!

Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірсе, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады.

Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.

Қадірлі ұстаздар! Сіздерге өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз үшін алғыс айта отырып, білім күнімен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте табыс тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Дата публикации
18 марта 2024