Мемлекеттік корпорация 1414 Бірыңғай байланыс орталығының үздік қызметкерлерін марапаттады

Мемлекеттік корпорация 1414 Бірыңғай байланыс орталығының үздік қызметкерлерін марапаттады

Мемлекеттік корпорация 1414 Бірыңғай байланыс орталығының үздік қызметкерлерін марапаттады

🔸 «Азаматтарға арналған үкімет» 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Бірыңғай байланыс орталығының қызметкерлерін марапаттады. Іс-шараға қатысу үшін алғаш рет еліміздің түкпір-түкпірінен үздік операторлар келді. Оларға жұмыста көрсеткен жоғары нәтижелері үшін алғыс хат табысталды.

Айта кету керек, Мемлекеттік корпорация үнемі қызметкерлердің біліктілігін арттыруына ерекше мән береді. Сондықтан марапаттаудан кейін байланыс орталығының 21 қызметкері оқыту семинарына қатысты. Сондай-ақ, операторлар басқа өңірден келген әріптестерімен тәжірибе алмасты.

📞 Қызықты дерек: биыл байланыс орталығына 11,7 млн. өтініш түсті. Қызметкерлер күніне орта есеппен 40 мыңнан астам сұраныс қабылдайды.