Меню

Страницы

Статья

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ БИЗНЕСТІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СҮЙЕМЕЛДЕУ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫН МӘЛІМДЕДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ БИЗНЕСТІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СҮЙЕМЕЛДЕУ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫН МӘЛІМДЕДІ

 

Бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлық қысымынан және әкімшілік кедергілерден қорғау бүгінгі күні мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Бұл бағытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Protecting business and investments» бизнес пен инвестицияларды қорғау жобасын іске асыруда.

Оның негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге өтініш білдірген инвесторлар мен кәсіпкерлер жұмысында төрешілдік кідірістер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау болып табылады.

Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сүйемелдеуімен жалпы сомасы 800 млрд. теңгеге жуық 89 жоба бар.

Бұл ретте, ағымдағы жылдың басынан бері осы жобаға шамамен 96 млрд. теңгеден асатын инвестициялық портфелі бар облыстың 34 компаниясы қосылды.

Есепті кезеңде Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне қол қойылған келісім шеңберінде 6 компания түрлі проблемалық мәселелер бойынша жүгініп, өздерінің заңды шешімін тапты.

Инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойған компаниялардың мәселелері ғана емес, сонымен қатар өз мәселелерін шешуде пәрменді көмек табатын басқа да кәсіпкерлердің мәселелері пысықталып жатқаны да көрнекі болып табылады.

Жоба халықаралық тәжірибеде бірегей және посткеңестік кеңістікте баламасы жоқтығын айта кету керек,

 

 

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

Дата публикации
04 октября 2021
Дата обновления
04 октября 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
09 июля 2026
Инфографики
Ақпарат
02 июля 2026
«ҚҰРЫЛТАЙ-2026»

Социальные медиа

Фейсбук
instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы