Меню

Страницы

Статья

ХҚО-ларда төлқұжат пен жеке куәлікті ресімдеген клиенттер мемлекеттік бажды QR кодтың көмегімен төлей алады.

ХҚО-ларда төлқұжат пен жеке куәлікті ресімдеген клиенттер мемлекеттік бажды QR кодтың көмегімен төлей алады. Азаматтарға арналған үкімет ҚР ІІМ-мен бірлесіп, көші-қон қызметі операторында отырып-ақ, төлем жасау мүмкіндігін іске асырды.
Бүгінгі таңда бұл мүмкіндікті ҚР барлық тұрғындары пайдалана алады. Клиент төлқұжат пен жеке куәлікті ресімдеуге өтініштер қабылдайтын көші-қон қызметі операторына жүгінген сәтте, кассаға бармай-ақ бірден Homebank немесе Kaspi банк қосымшаларының QR төлем жасау жүйесі арқылы баж алымын төлей алады.
Санаулы секунд ішінде төлеу – әрбір екінші қазақстандыққа қолжетімді цифрлық мүмкіндік.Бұдан бұрын QR кодпен жер учаскелеріне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, кондоминиум объектілері бойынша қызметтерді және жер қатынастары саласындағы басқа да мемлекеттік қызметтерді төлеуге болатын. Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж мөлшері 584 тг, паспорт үшін – 23 336 тг құрайды.
Азаматтарға арналған үкімет QR арқылы төлем жасау мүмкіндігін 2020 жылдың қараша айында енгізді. Бүгінде клиенттер 146 Мемлекеттік қызмет түрін осы тәсіл арқылы төлей алады.

Дата публикации
29 сентября 2021
Дата обновления
29 сентября 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
09 июля 2026
Инфографики
Ақпарат
02 июля 2026
«ҚҰРЫЛТАЙ-2026»

Социальные медиа

Фейсбук
instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы