Меню

Страницы

Статья

«Отбасы – бақыт мекені»

  ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2020 жылғы      14 – 21 қыркүйек күндері аралығында «Отбасы – бақыт мекені» республикалық апталықтың аясында аудан көлеміндегі білім беру ұйымдарында  қашықтықтан іс – шаралар ұйымдастырылуда.

        Апталықтың мақсаты – қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы мен балалар мүддесіне мемлекеттік саясатын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес – топтардың, БАҚ-тың күштерін біріктіру.

         Апталықтың шеңберінде: онлайн режимінде конференциялар, кездесулер, отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған балалар арасында акциялар, отбасылық мерекелер, әдеби – поэтикалық кештер, шоу – бағдарламалар және би кештері, спорттық отбасылық эстафеталар, отбасылық шығармашылық фестивалдер өткізілуде.

         Сонымен бірге, білім беру ұйымдарындағы оқушылар арасында  негізгі идеологияларды тарату бойынша «Отбасы – өмірдің мәні», «Берік отбасы – адамның сенімді тірегі», «Әрбір отбасы мемлекеттің қорғауында», «Ата-ананы құрметтеу – әрбір адамның қасиетті борышы», «Отбасын сақтау мен нығайтуға жұмсалған күш, құр бекер кетпейді», «Құрмет – берік отбасының негізі», «Балалар алдындағы жауапкершілік – өз алдыңдағы жауапкершілік», «Отбасылық дәстүрлерді сақтау мен жастарға үйрету – аға буынның қасиетті борышы»,  тақырыптарында кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл идеологиялардың өзектілігі адамгершілік құндылықтарды және отбасы мен неке кейпін тарату, қазақстандық қоғамда отбасы мәртебесін арттыру болып табылады.

Дата публикации
17 сентября 2020
Дата обновления
17 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
09 июля 2026
Инфографики
Ақпарат
02 июля 2026
«ҚҰРЫЛТАЙ-2026»

Социальные медиа

Фейсбук
instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы