«Ақсу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға атқарылған жұмыстары туралы.
Жетісу облысы әкімінің 2025 жылғы 31 наурыздағы «Ауданның елді мекендерді көктемгі-күзгі санитарлық тазалау айлықтарын өткізу, абаттандыру және көгалдандыру айлығы туралы» №88 қаулысының қосымшасына сәйкес комиссия мүшелері құрылып, жұмыс жоспары бекітілді.
Аудан көлемінде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында сенбіліктер өткізілуде.
Аудан бойынша жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 901 шақырымды құрайды (Оның ішінде: Республикалық – 94 км (316-410 км), Облыстық – 488,5 км, Аудандық – 19,5 км, Жергілікті – 299 км).
Аудандық маңызы бар автомобиь жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізу бағытында 2025 жылға бюджеттен 701,0 млн.теңге бөлінді.
Бұл қаражатқа аудан бойынша 7 елді мекенің ұзындығы 12,2 шақырымды құрайтын 2 кіре беріс, 15 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Анықтама үшін:
- Арасан ауылдық округінің Қызылжар ауылына кіре беріс жол (3,3 км) Мердігерлік мекеме «Жетісу Жол Құрылыс» ЖШС.
- Есеболатов ауылдық окрігінің Есеболатов ауылына кіре беріс жол (2,2 км) Мердігерлік мекеме «Марлен-А» ЖШС.
- Кеңжыра ауылының (6 көше 1,8 км) 8 Наурыз, Ауезов, Уалиханов, Абай, Ғарышкер, Бақ көшелері.Мердігерлік мекеме «Марлен-А» ЖШС.
- Қарашілік ауылының (2 көше, 0,958 км) Акын сара, Омарбаев, Еңбек ауылының (2 көше, 0,986 км) Ақтанберді, Мейірман көшелері. Мердігерлік мекеме «Марлен-А» ЖШС.
- Б.Сырттанов ауылының (3 көше 1,1 км) Уалиханов, Ақын Сара, Мұқашев көшелері, Қопа ауылының (2 көше 1,9 км) Қазақстан, Жағалау көшелері. Мердігерлік мекеме «Жетісу Жол Құрылыс» ЖШС.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жансүгіров ауылында 4 көше қиылысына бағдаршам орнатылып, қолданысқа берілді.
Ақсу ауданы бойынша 5 ауылда су құбырларына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Анықтама үшін:
- Жансүгіров ауылында 1-көтергіштің су құбыры желілері мен сорғы станцияларын ағымды жөндеу. Мердігерлік мекеме Береке Құрылыс и К ЖШС.
- Б.Сырттанов ауылында су тарту және су құбыры желілерін ағымды жөндеу. Мердігерлік мекеме Береке Құрылыс и К ЖШС.
- Матай ауылында 1-көтергіштің су құбыры желілері мен сорғы станцияларын ағымды жөндеу. Мердігерлік мекеме Береке Құрылыс и К ЖШС.
- Сағабүйен, Сағакүрес ауылдарында су құбыры желісін ағымды жөндеу Мердігерлік мекеме «ПМК-105» ЖШС.
- Қопалы ауылының су құбырларына ағымдағы жөндеу. Мердігерлік мекеме "GrandStroyArt" ЖШС.
- Өрт гидранттарын орнату және ағымды жөндеу. Мердігерлік мекеме Береке Құрылыс и К ЖШС.
Ақсу ауданы бойынша 12 көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізілді. (Жансүгіров – 11, Қызылағаш - 1)
«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында «Матай ауылының көшелерін жарықтандыру» Мердігер мекеме «Mellon» ЖШС.
Жоғарыда аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауда.