Аудан бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 2020 жылдың қаңтар айынан көрсеткіш 2 746,2 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың 5 айлық көрсеткішімен салыстырғанда 167,7 пайызға өсіп отыр.
Аудан бойынша 2020 жылдың 5 айлық көрсеткіші 2 900 ш.м.тұрғын үйлер іске қосылып, былтырғы жылмен салыстырғанда 108,3 пайызға өсті.
Жансүгіров ауылында салынатын 30 жеке тұрғын үйлердің құрылысы. Бастапқы 1 млн. теңге қаражат бөлініп, алматы облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы конкурс аяқталып жалғыс сұраныс болмауына байланысты конкурс жеңімпазсыз аяқталды. Бүгінгі күнге бір көзден мердігерлік ұйым «Нұр құрылыс болашақ» ЖШС мен келісім-шарт жасалды, құрылыс жұмыстары басталып кетті. Жалпы соммасы 503,8 млн. тенге.
Жансүгіров ауылында салынған 30 жеке тұрғын үйлердің инженерлік-коммункациялық желілер құрылысы. Бастапқы 1 млн. теңге қаражат бөлініп, алматы облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы конкурс жарияланды, бүгінгі күнге қосымша конкурстық құжаттары қаралып жатыр. Жалпы соммасы 357,2 млн. теңге.
Жансүгіров ауылында 60 га жер теліміне инженерлік-коммуникациялық желілерін тартуға (сыртқы су жүйесі). Жалпы сомасы 185 млн тенге. Мердігерлік ұйым «ПМК 105» ЖШС. ҚМЖ-ның ұзақтығы 6 ай.
Қызылағаш ауылында 30 га жер теліміне инженерлік-коммуникациялық желілерін тартуға (сыртқы су және электр жүйесі) ЖСҚ әзірлеу. Жалпы сомасы 11,2 млн тенге. Жобалаушы ұйым «Геодезия Сервис» ЖШС-ы. Жобалау уақыты 8,5 ай.
Матай ауылында 15 га жер теліміне инженерлік-коммуникациялық желілерін тартуға (сыртқы су және электр жүйесі) ЖСҚ әзірлеу. Жалпы сомасы 9,5 млн тенге. Жобалаушы ұйым «АРС ЛТД» ЖШС-ы. Жобалау уақыты 7 ай.
Жансүгіров ауылында салынатын 10 жеке үйлердің және оның инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу. Жалпы сомасы 8,7 млн. теңге. Жобалаушы ұйым «Геодезия Сервис» ЖШС-ы. Жобалау уақыты 7,5 ай.
Жансүгіров ауылында салынатын 50 пәтерлі тұрғын үй құрылысы және оның инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу. Жалпы сомасы 10,2 млн. теңге. Жобалаушы ұйым «АРС ЛТД» ЖШС-ы. Жобалау уақыты 9 ай.
Жансүгіров ауылында салынатын тәулігіне 600 адам қабылдайтын Халыққа қызмет көрсету орталығына (ЦОН), ЖСҚ әзірлеу. Жалпы сомасы 52 458 мың теңге. Жобалаушы ұйым «Капремпроект» ЖШС. Кәзіргі уақытта жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде, жобаның толық аяқталу уақыты 2020 жылдың шілде айының 30 жұлдызы.
Сағакүрес ауылында 120 орындық мектеп 25 орындық шағын орталығымен, ЖСҚ әзірлеу. Жалпы сомасы 38 719 мың теңге. Жобалаушы «АРС ЛТД» ЖШС. Жобалау кезеңі 14 ай болуына байланысты аяқталу уақыты 2020 жылдың тамыз айының 12 жұлдызы.
Көлтабан ауылында 120 орындық мектеп 25 орындық шағын орталығымен, ЖСҚ әзірлеу. Жалпы сомасы 38 719 мың теңге. Жобалаушы ұйым «Капремпроект» ЖШС. Жобалау кезеңі 14 ай болуына байланысты аяқталу уақыты 2020 жылдың қазан айының 05 жұлдызы.
Көшкентал ауылында 180 орындық мектеп 75 орындық шағын орталығымен, ЖСҚ әзірлеу. Жалпы сомасы 43 489 мың теңге. Жобалаушы ұйым «Капремпроект» ЖШС. Жобалау кезеңі 14 ай болуына байланысты аяқталу уақыты 2020 жылдың қазан айының 05 жұлдызы.