«Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы»

ҚР Көлік министрінің  «Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 29 тамыздағы бұйрығымен төмендегідей қызмет көрсету тәртібі белгіленген:

Мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға инватакси қызметін көрсетуге көрсетілімдер мыналар болып табылады:

1) «Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер;

2) «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, олардыауыстыру  мерзімдерін қосаалғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығына  2-қосымшаның 5-тармағына сәйкес протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнаулы жүріп-тұру құралдарын беруге медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер;

3) екінші және үшінші дәрежелі өзіне-өзі қызмет көрсету және өзінің мінез-құлқын бақылау қабілеті шектелген ауыр және айқын психикалық бұзылулар.

Мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметін көрсету үшін мүгедектіктің белгілеу мерзіміне арналған дәрігерлік-консультациялық комиссияның қолданыстағы қорытындысы негіз болып табылатындығы анықталған.

Инватакси қызметін көрсету кезінде: кресло-арбалармен қозғалатын және (немесе) өз бетінше қозғалу мүмкіндігі жоқ мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін отырғызуға және түсіруге арналған арнайы гидравликалық немесе жылжымалы (ашылатын) құрылғымен және кресло-арбаларды бекітуге арналған құралдармен жарақтандырылған автокөлік пайдаланылады.

Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету елді мекен шегінде осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес көрсеткіштер бойынша мүгедектіктің белгілеу мерзіміне дәрігерлік-консультациялық комиссияның қолданыстағы қорытындысы негізінде мынадай санаттар бойынша есеппен жүзеге асырылады:

1) бір сапардың ең аз ұзақтығы 30 (отыз) минутты негізге ала отырып, бірінші топтағы мүгедек адамдар және екінші топтағы мүгедек адамдар болып табылатын жұмыс істейтіндерге айына жиырма бес сағат;

2) бір сапардың ең аз ұзақтығы 30 (отыз) минут негізге ала отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілеріне, білім беру ұйымдарында білім алушыларына айына жиырма бес сағат:

бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

кресло-арбамен қозғалатын екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;

3) бір сапардың ең аз ұзақтығы 30 (отыз) минут негізге ала отырып, тізбеге сәйкес бағыттар бойынша мүгедектігі бар өзге адамдарға айына алты сағат көзделген.

Дата публикации
04 декабря 2025