ЖОБА Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылының елді мекендер шегіндегі жер учаскелерін салық салу мақсатында, бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

ЖОБА

 Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылының елді мекендер шегіндегі жер учаскелерін салық салу мақсатында, бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

 

 

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің                             8-бабының 2-тармағына, 11-бабының 1-тармағына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылының жер учаскелерінің бағалау аймақтарының шекаралары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылының елді мекендер шегіндегі жер учаскелеріне салық салу мақсатында жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Экономика саласы, қаржы, салық және бюджет, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақсу аудандық

мәслихатының 

сессия төрағасы                                              

 

Ақсу аудандық

мәслихатының хатшысы                                                  

Дата публикации
16 ноября 2020