Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтары олар аударатын жарналардан және зейнетақы активтерін басқару нәтижесінде алынған инвестициялық кірістерден құралады. Барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап (2014 жылғы 1 сәуір) 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жинақтардың жалпы көлеміндегі таза инвестициялық кірістің үлесі жүргізілген төлемдерді ескергенде 40,5% құрайды, жинақталған таза инвестициялық кірістің көлемі 12,18 трлн теңгеден асты