АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады

2025 жылғы 18 шілдеде мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойды.  Ол БЖЗҚ-дан Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда,  барлық табыстар, тұрғын үйге/емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) түріндегі кірістерді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығынан (ЖТС) босатуды көздейді.

Дата публикации
12 августа 2025