Ақсу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 55-248 «Ақсу ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақсу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы

№ 55-248 «Ақсу ауданының 2020-2022 жылдарға арналған

бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 

 

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы
23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының
1) тармақшасына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақсу аудандық мәслихатының «Ақсу ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 55-248 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5380 тіркелген, 2020 жылдың 13 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 10 749 835 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 848 145 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 5 032 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 5 545 мың теңге;

трансферттердің түсімдері 9 891 113 мың теңге, оның ішінде:

төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер
10 000 мың теңге;

ағымдағы нысаналы трансферт 4 101 856 мың теңге;

нысаналы даму трансферттері 486 296 мың теңге;

субвенциялар 5 292 961 мың теңге;

2) шығындар 12 632 879 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 78 493 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 108 342 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 29 849 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 1 961 537 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)
1 961 537 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу аудандық мәслихатының «Бюджет, әлеуметтік-мәдениет саласы, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
11 ноября 2020