Ақсу аудандық мәслихатының депутаттарын
сайлау жөніндегі аумақтық сайлау
округін құру туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 14-бабының 6-тармағына сәйкес Ақсу аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақсу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округі құрылсын.
- Ақсу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округінің шекаралары болып Ақсу ауданының әкімшілік-аумақтық шекаралары белгіленсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Ақсу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Б.Нурзолдиноваға жүктелсін.
Аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Б.Байболов
Аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Б.Нурзолдинова