Ақсу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 мамырдағы «Ақсу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 29-130 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақсу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 мамырдағы «Ақсу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 29-130 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 196746 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Ақсу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.»

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақсу аудандық

мәслихатының төрағасы                                                   Б. Сүлейменов

 

 

 

Дата публикации
04 марта 2025