Жоба Ақсу ауданындағы аз қамтылған отбасыларғы (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібінің айқындау туралы

 

Жоба

 

 

 

 

Ақсу ауданындағы аз қамтылған отбасыларғы

 (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін

және тәртібінің айқындау туралы

 

         «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Ақсу аудандық  мәслихаты                                  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақсу ауданың тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Ақсу аудандық мәслихатының «Ақсу аудан бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2016 жылғы 22 тамыздағы № 7-29 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3957 тіркелген, 2016 жылдың 15 қыркүйектегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу аудандық мәслихаттының «Бюджет, әлеуметтік - мәдиниет салалары, жастар саясаты, зандылық және құқық қорғау мәселерін дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

Т. Баулыбаев

 

 

                                                                       2020 жылғы "   "______

     

                                                                         Ақсу аудандық мәслихатының

                                                                          2020 жылғы «   »______

                                                                        «Ақсу ауданындағы аз

                                                                       қамтылған отбасыларға

                                                                       (азаматтарға) тұрғын үй көмегін

                                                                       көрсетудің мөлшерін және

                                                                       тәртібін айқындау туралы»

                                                                       №     шешіміне қосымша

 

Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй                                            көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

 

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының  Заңының 97-бабының 2-тармағына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, «Тұрғын үй көмегіне жүгінген жалпы кірісті (Қазақстан Республикасы азаматының) есептеу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі                № 226 бұйрығы және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындайды.

  1. Жалпы ереже

     « 1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) шекті жол  берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде азқамтылған отбасының (азаматтының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің азқамтылған отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;

      2) азқамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

       3) уәкілетті орган - тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын «Ақсу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

      4) портал - «электрондық үкіметтің»www.egov.kz веб-порталы;

      5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар -үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөнедеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге,кондоминум объектісінің ортақ мүлкін күтіп -ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге, сондай-ақ кондоминум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жеклеген түрлерін болашақта жүргізілетін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға арналған шығыстарының міндетті сомасы;

      6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) -Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
    « 2 Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақсу ауданында тұрақты тіркелген және тұратын тұрғынжайда  аз қамтылған отбасыларға азаматтарға):

       7) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерді) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;

      8) тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      9) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      « 3  Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен аз камтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгіленген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

     « 4.Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға  тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқыедайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      « 5. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық табысының он пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      Тұрғын үй көмегі:

     10) мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ І және ІІ топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан жазбаша түрде бас тартқан Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматтарына;

      11) уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға тағайындалмайды.

     12) Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      13) Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

 


  1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

 

    « 6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін есептеу мерзімі өтініші мен қоса барлық қажетті құжаттарды өткізген жылдың тоқсаны болып саналады.
      Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын жайды жалға немесе пайдалануға беруші аз қамтылған отбасылар (азаматтар) тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
     « 7. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) Ереженің 4  тармағына сәйкес құжаттарды ұчыну отырып, жүгінеді.

      14) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

      15) аз қамтылған отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының Қазақстан Республикасы азаматының жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;

     16) зейнетақы аударымдары туралы аңықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

     17) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

     18) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

     19) банктік шоты;

     20) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

     21) телекеммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшермесі;

     22) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін үшін шығыстар туралы шот.

    осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмеді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын ұйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.

     23) Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

     24) Осы Ереженің 4-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемелекеттік корпораяның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      25) «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

     « 8. Өтініштер Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген мерзімдерде қаралады.

     « 9. Тұрғын үй көмегін алушылар күнтізбелік он бес күн мерзімде уәкілетті органды тұрғын үй көмегін алу үшін құқығына немесе оның мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы хабардар етеді.

     Өтініш беруші тұрғын үй көмегін алу құқығына  және  оның мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытылы хабарламаған жағдайда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі (анықталған фактісі бойынша).
      Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда сот тәртібі мен қайтарылуы тиіс.

     «10.Тұрғын үй көмегін алуға үміткер аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй корынан жергелікті аткарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы «2020 жылғы 24 сәуірдегі № 266 Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің  Бұйрықы   

     «11. Өтемақы төлемдерiмен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үйлер аумағының нормалары заңнамамен белгiленген отбасының әр мүшесiне тұрғын үй беру нормаларына баламалы.

     «12. Коммуналдық қызметті тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополистік қызметті) реттеу бойынша аумақтық уәкілетті орган қолданатын, олармен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды) белгілеген кездегі коммуналдық қызметтерді босату нормаларына баламалы.
     «13. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін қызмет көрсету мекемелері ұсынады.

    «14. Тұрғын үй көмегін тағайындағанда келесі нормалар ескеріледі коммуналдық қызметтерді нормалардан төмен тұтыну кезінде нақты шығындар бойынша есептеледі):

      26) газ тұтыну - айына бір отбасына 10 килограмм (1 кішкене баллон);
      27) электр энергиясын тұтыну: 1 адамға - бір айға 45 киловатт, 2 адамға - 90 киловатт, 3 адамға - 135 киловатт, 4 және одан көп адамнан тұратын отбасына - бір айға 150 киловатт;

      28) тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шоты;

       29) Қатты отынды тұтынушылар үшін: пешпен жылытатын тұрғын үйлерге бір календарлық жылға- төрт тонна көмір (әр тоқсанға бір тонна көмірден).

      «15. Қатты отынның құнның есептегенде аймақта өткен тоқсанда қалыптасқан орташа баға ескеріледі.


  1. Қаржыландыру және төлеу.

 

      « 16. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру Ақсу ының бюджетімен тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      « 17. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады.

  1. Қорытынды

      « 18. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Дата публикации
22 октября 2020