Хабарлама
2025 жылдан бастап енгізіліп жатқан атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі – АӘК) тағайындаудың жаңа тәсілдері туралы.
Бүгінде елімізде аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек бәріне мәлім.
Қоғамда дегенмен, оны ұсыну тетігі туралы сұрақтар әр кезде көтеріліп отырады. Осының аясында атаулы әлеуметтік көмек көрсету шарттары туралы егжей-тегжейл іақпарат беріп, келесі жылға арналған өз жоспарлар туралы атап өту қажет.
Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беріледі.
АӘК өмірдегі қиын жағдайдан шығару үшін отбасына кешенді қолдау көрсетуді көздейді.
Біріншіден, бұл 2 түрге жіктелген ақшалай төлем: шартсыз және шартты ақшалай көмек.
Еңбекке қабілетсіз азаматтары бар отбасыларға шартсыз ақшалай көмек көрсетіледі және олар үшін жәрдемақы алу үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.
Шартты ақшалай көмек отбасы құрамында кемінде бір еңбекке қабілетті мүшесі жұмысқа орналасқан отбасыларға беріледі.
Екіншіден, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар.
АӘК тағайындаудың барлық кезеңіне отбасымен әлеуметтік келісімшарт жасалады. Келісімшартты бұзу бүкіл отбасына АӘК төлеуді тоқтату және келесі алты айда АӘК тағайындаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Үшіншіден, аз қамтылған отбасылардан шыққан 1 жастан 6 жасты қоса алғанға дейін әр бір балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш (2024 жылы 5 538 теңге) мөлшерінде қосымша төлем беріледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылы АӘК беру тетігі ашықтықты, әділдікті, еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ету үшін қайта қаралды.
Осылайша, 2023 жылы Панфилов ауданы бойынша АӘК-ті жалпы сомасы 994,4 млн. теңгеге 1497 отбасы немесе 8456 адам алды.
2024 12 айдың қорытындысы бойынша АӘК алушылар 7328 адамды немесе 1281 отбасын құрады. Мемлекеттік бюджеттен 797,0 млн. теңге төленді.
Бұл ретте, біз АӘК алушылар санын жыл сайын төмендегенін байқаймыз.
АӘК-тің басты мақсаты еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамту шараларына тарту, еңбекке ынталандыру арқылы кедейлік шеңберінен шығару болып табылады.
2025 жылы Министрлік алдында қойылған негізгі міндет учаскелік комиссияның қызметін цифрландыру болып табылады.
АӘК тағайындау кезінде учаскелік комиссиялар отбасының материалдық жағдайына жүргізілген тексеру негізінде АӘК көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады. Бүгінгі таңда бұл зерттеу қағаз түрінде жүргізіледі және қол қою үшін ұйымдастырушылық шараларды қажет етеді.
Осылайша, тексеру жүргізу кезінде формальды тәсілді болдырмау және автоматтандыру мақсатында учаскелік комиссиялар үшін FSM Social мобильдік қосымшасы әзірленді.
Мобильді қосымшаны пайдалану кезінде учаскелік комиссияның мүшесі отбасының материалдық жағдайы бойынша барлық деректерді оған енгізеді, алдын ала қорытынды шығарады және учаскелік комиссияның басқа мүшелеріне қол қоюға жібереді.
Бүгінде мобильді қосымшаны апробациялау бойынша пилоттық жоба Алматы облысының Қонаев қаласында өтуде.
2025 жылдың қаңтарынан бастап бүкіл ел бойынша мобильді қосымшаны енгізу жоспарлануда.
Мобильді қосымшаны енгізудің артықшылығы:
- геолокацияны анықтау (өтініш берушінің нақты географиялық орны);
- жедел шешім қабылдау және қорытынды шығару рәсімін оңайлату;
- зерттеу жүргізу және шешім шығару кезінде формальды тәсілді алып тастау.
Сондай-ақ, ағымдағы жылғы 7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы нақты мұқтаж азаматтардың жиынтық кірістері мен шығыстарын айқындауды ескере отырып, халыққа әлеуметтік көмек көрсету тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.
Осы тапсырманы орындау үшін Әлеуметтік кодекске түзетулер әзірленді, олар Үкіметтің қарауына жіберілді.
АӘК тағайындау кезінде АӘК тағайындау қажеттілігін айқындау өлшемшарттарын мынадай өлшемшарттармен толықтыру ұсынылады:
тұрғын үй және (немесе) жеңіл автокөлік сатып алу;
отбасының әрбір мүшесіне айына бір ең төмен күнкөріс деңгейінен жоғары мөлшердегі ипотекалық қарызды қоспағанда, банктік қарыздарды және (немесе) микрокредиттерді ресімдеу;
жиынтығында отбасының әрбір мүшесіне айына кедейлік шегінен асатын адамның (отбасының) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларының болуы;
ипотекалық депозитті қоспағанда, бір отбасына 200 АЕК-тен астам мөлшердегі жинақ салымының, депозиттің болуы.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК-ке үміткер адамдардың келісімін ала отырып, азаматтардың шығыстарын есепке алу тетігін сынақтанөткізу пилоттық жобасын іске қосу жоспарлануда.
Өтініш беруші АӘК алу үшін уәкілетті органға жүгініп, пилоттық жобаға қатысуға өтініш береді. Осыдан кейін өтініш берушінің отбасы құрамына кіретін барлық кәмелетке толған адамдарға жеке телефон нөмірлеріне 1414 нөмірінен sms-хабарлама жіберіледі, оған олар бір жұмыс күні ішінде жауап беруге тиіс.
Ақпараталу өтініш берушінің келісімі бойынша және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылатының айта кету керек.
Ақсу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі