Ақсу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

ЖОБА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақсу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

 

 

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8, 12-баптарына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақсу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының  қосымшасыларына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Серік Әділбекұлы Құсмолдинге жүктелсін.
  3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

        

         Әкім                                                                              Е.Базарханов

Дата публикации
22 сентября 2020