8 сәуір күні республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Науқан бес аптаға созылады. "Таза Қазақстан" – бұл "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасының бір бағыты, оның мақсаты тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын құру және экологиялық жағдайды жақсарту болып табылады. Бірінші апта (8-13 сəуір) – “Таза өлке” күні тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар, кəсіпорындар өз аумақтарын, аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізеді.Екінші апта (14-20 сəуір) – “Киелі мекен” күні тарихи-мəдени ескерткіштерді абаттандыру жұмыстарына арналады. Үшінші апта (21-27 сəуір) – “Жасыл аймақ” күні. Бұл күні ағаш көшеттерін отырғызу, айналаны əктеу жұмыстары жүргізіледі.Төртінші апта (28 сәуір - 4 мамыр) – “Өнегелі ұрпақ” күні ардагерлердің ауласын тазалау, қарттар үйлерінде абаттандыру жұмыстарына үлес қосу негізгі мақсаттардың бірі болмақ.Бесінші апта (5 - 11 мамыр) – “Мөлдір бұлақ” күні өзен-көлдер маңын қоқыстан тазалау ұйымдастырылады.
Осыған орай, ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ баршаңызды айтулы Республикалық экологиялық акциясына белсене қатысуға шақырамыз.