|
шешіміне қосымша
|
Ақсу ауданындық
мәслихатының 2020 жылғы
«____» шілдедегі № ____
шешіміне 1-қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар,
олардың шекті толу нормалары
|
№ |
Елді мекен |
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
|
Шекті толу нормалары |
|
1 |
Жансүгіров ауылы |
«Ақын Сара» мәдениет үйінің алдындағы алаң, Қабанбай батыр көшесі, №42 |
500 адам
|
|
2 |
Жансүгіров ауылы |
Шеру мен демонстрация бағыты желтоқсан - Ғани Мұратбаев көшелерінің қиылысынан Қабанбай батыр көшесімен Толғанбай ақын көшесінің қиылысына дейін. Шеру бағытының ұзындығы 1 км 800 м. |
500 адам |
|
шешіміне қосымша
|
Ақсу аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
«____» шілдедегі № ____
шешіміне 2-қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру
және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану
тәртібі
Осы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабына сәйкес дайындалды және бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды.
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар жалпы пайдаланылатын орындар болып табылады және Ақсу ауданының жергілікті атқарушы органымен бейбіт жиналыстар өткізуге арналған орын болып айқындалған.
Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда - сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін болып табылатын, Қазақстан Республикасының азаматтары өткізетін жария іс-шара.
Бейбіт жиналыстар өткізу үшін арнайы орындарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңын бұза отырып жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер, пикеттер өткізуге тыйым салынады.
Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге «Төтенше жағдай туралы», «Соғыс жағдайы туралы» және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.
Арнайы орындардағы бейбіт жиналыстар сағат 9-дан ерте басталып, жергілікті уақыт бойынша сағат 20-дан кешіктірілмей аяқталады.
Бейбіт жиналыстар өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланған кезде ұйымдастырушы Заңның 5-бабына сәйкес құқықтары мен міндеттеріне, сондай-ақ тыйым салуларға ие болады.
Бейбіт жиналыстарға қатысушылардың Заңның 6-бабына сәйкес құқықтары, сондай-ақ, тыйым салулар бар.
|
шешіміне қосымша
|
Ақсу аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
«____» шілдедегі № ____
шешіміне 3-қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге талаптар
|
шешіміне қосымша
|
Ақсу аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
«____» шілдедегі № ____
шешіміне 4-қосымша
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған
іргелес аумақтардың шекаралары
Жаппай жерлеу орындарынан 100 метр;
Теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі нысандарынан 100 метр;
Мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарынан 400 метр;
Қауіпті өндірістік нысандар және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де нысандарынан 100 метр;
Магистралдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдары, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілерінен 100 метр.