Республикалық "УСЛОВНИК" атты профилактикалық іс-шара.
2020 жылдың маусым айының 15-нен 25-і аралығында Ақсу аудандық пробация қызметімен Ақсу аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметімен бірлесе "условник" атты Республикалық профилактикалық іс-шара өткізілуде. Аталған іс-шараның алғашқы күндерінен бастап аудан аймағында орналасқан Ақсу аудандық ПҚБ-нің есебінде тұрған сотталғандардың тұрғылықты жеріне бірлесе тексерістер жүргізіліп сотталғандарға бақылауды жүзеге асыру үшін бірлескен анықтамалар толтырылып, жаза өтеу кезінде сот жүктеген міндеттерді орындамай, құқық бұзушылық жасаған сотталғандарға қатысты ескерту беріліп іс құжаттары аудандық сотқа жаза түрі өзгертілу мәселесін шешу үшін жолданады. Жүргізіліп жатқан іс-шараның негізгі мақсаты сотталған тұлғалардың қайта қылмыс жасамауы, қоғаммен бірлесе еңбек ету, өмірге деген көз-қарасының жақсы жағына өзгерту, егер сотталған тұлғаның құқықтық әлеуметтік және тұрмыстық қажеттілігі орындалса, заңға деген көз қарасы өзгеріп, мінез құлқы жақсы жағынан қалыптасуына оң нәтиже беретіні сөзсіз.