Ақсу ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

АҚСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ

ЖОБА

 

 

 

Ақсу ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік

жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының            2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – болу құнының 5(бес) пайызы бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

 

 

Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы

 

Б. Сулейменов

Дата публикации
31 октября 2022