Ақсу ауданы бойынша 2021 жылдың 12 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы
аналитикалық анықтама
Ақсу ауданында 24 мемлекеттік мекемелер (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауыл шаруашылық бөлімі,, азаматтық хал актілерін тіркеу, жер қатынастары бөлімі, қала құрылысы және сәулет бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі, спорт бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауылдық округ әкімі аппараттары) мемлекеттік қызметтің 66 түрін көрсетеді.
Жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы – 10974. Оның ішінде:
Қағаз түрінде, баламалы негізде бірақ "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе ) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін-91
Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген ("электрондық үкімет" веб-порталын қоспағанда) www.egov.kz, www.elicense.kz )-6848
Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген қызметтер ("электрондық үкімет" веб-порталын қоспағанда) www.egov.kz, www.elicense.kz)-198
Электрондық түрде ("электрондық үкімет" арқылы) көрсетілген www.egov.kz, www.elicense. kz)-2498
Мемлекеттік корпорация (ХҚКО)арқылы-1339
Мемлекеттік қызметтерді аудан бойынша электронды түрде алу насихат жұмыстары туралы.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 129, қамтылған адам саны 17073 құрады. Сонымен қатар аудандық газетке 43 мақала жарияланды. Бұдан бөлек мемлекеттік қызметтерді насихаттау жөнінде 7 видеоролик және «Жетісу» телеарнасына 1 репортаж түсірілді.
Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы.
Жүргізілген бақылау іс-шараларының саны – 11. Аудан әкімінің 2021 жылғы 16 ақпандағы №23 өкіміне сәйкес, Егінсу ауылдық округінің әкімінің аппаратының ММ, аудан әкімінің 03 наурыздағы №27 өкіміне сәйкес, Қарасу ауылдық округінің әкімі аппаратының ММ, аудан әкімінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №56 өкіміне сәйкес, Матай ауылдық округі әкімнің аппаратының ММ, аудан әкімінің 2021 жылғы 20 мамырдағы №70 өкіміне сәйкес, Ойтоған ауылдық округі әкімінің аппарты ММ, аудан әкімінің 2021 жылғы 15 маусымдағы №77 өкіміне сәйкес, Б, Сыртанов ауылдық округі әкімі аппаратының ММ. Аудан әкімінің 2021 жылғы 8 шілде №85 өкіміне сәйкес, аудандық жер қатынастары бөлімі ММ сі. 12.08.2021 жылы Аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі. 07.09.2021 жыл аудан әкімінің №117 өкіміне сәйкес Жансүгіров ауылдық округі әкімі аппаратына. 18.10.2021 жыл аудан әкімінің №120 өкіміне сәйкес Аудандық ауылшаруашылығы бөліміне.
17.11.2021 жылы аудан әкімінің №142 өкіміне сәйкес аудандық сәулет және қалақұрылысы бөліміне.
Тексеріс барысында заң бұзушылық жер бөлімінде орын алып, бөлім басшысының міндетін атқарушы Д. Тұрысбаеваға аудан әкімінің № 244 – ө, өкіміне сәйкес тәртіптік жауап кершілік - сөгісі жариаланды. Бұдан бөлек, жер қатынастары бөлімне түскен өтініштерді уақытылы ақпарттық жуеге тіркемегендігі үшін, бөлім басшысы Қ.Бекбатыровқа Қазақстан Республикасының әімішілік кодесіне сәйкес 4 айыппұл салынды. Сонымен қатар ағымдағы жылдың 6 айында мерзімі бұзылып көрсетілген мелекеттік қызметтердің саны -2 тіркелді. Аталған заң бұзушылықты жіберген 2 мемлеккеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілкке тартылды. 4 тоқсанда мерзімі бұзылып көрсетілген 4 қызмет анықталып. Матай ауылдық округінің бас маман іс-жүргізушісіне тәртіптік жауапкершілік - сөгіс жариаланып, аталған округ әкіміне әкімшілік айыппұл салынды.
( аудан әкімінің аппратының жалпы бөлімшесінің бас маманы Х. Дебирова, Көшкентал ауылдық округінің әкім аппаратының бас маманы Ж. Каденова)
Аудан орталығындағы Жансүгіров ауылында Сервистік әкімдікте халыққа 49-дан астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Есептік кезеңде 5000 аса әр түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Есептік кезеңде Сервистік әкімдіктің өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы қызмет алушылар өз бетінше 3160 әр түрлі қызмет түрін алды. Сонымен қатар аудан аумағында 85 өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмысын жасайды. Аудандық мемлекеттік мекемелерінің жұмысы аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұдайы назарында, яғни жыл басынан қоғамдық кеңес отырыстарында аудандық 4 мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекеме атқарылған жұмыстарының нәтижелері тыңдалды. Кеңес отырыстарының қорытындысы бойынша мекемелер атқарылған жұмыстарына оң баға берілді. «Nur Otan» саяси партиясының партиялық бақылау кеңес отырысында, аудандық АХАЖ жұмысының есебі тыңдалып, нәтижесі қанағаттанарылық деген баға берілді.
Осыған орай, аудан бойынша Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үздіксіз жетілдіру жұмысы әрі қарай жалғасады. Бұл сала тек қана мемлекеттік органдардың қатысуын ғана емес, барша тұрғындарымыздың белсенділігін қажет етеді.