Аналитическая справка за 9 месяцев

Ақсу ауданы бойынша 2021 жылдың 9 айында көрсетілген    мемлекеттік      қызметтер туралы    

              аналитикалық   анықтама  

 

Ақсу ауданында 26 мемлекеттік мекемелер   (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауыл шаруашылық бөлімі,, азаматтық хал актілерін тіркеу, жер қатынастары бөлімі, қала құрылысы және сәулет бөлімі,  экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық  және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі, спорт бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауылдық округ әкімі аппараттары) мемлекеттік қызметтің 66 түрін көрсетеді.

Жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны,  барлығы – 9244.   Оның ішінде:

қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны  – 5802.  

  • «Электрондық үкімет» веб-порталы арықыл (ПЭП) көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 2021 жылы - 1942.

    

       Мемлекеттік қызметтерді аудан бойынша электронды түрде алу насихат жұмыстары туралы.

          Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 65, қамтылған адам саны 4563 құрады. Сонымен қатар аудандық газетке 17  мақала жарияланды. Бұдан бөлек мемлекеттік қызметтерді насихаттау жөнінде 7 видеоролик түсірілді.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы.

    Жүргізілген бақылау іс-шараларының саны – 6. Аудан әкімінің 2021 жылғы 16 ақпандағы №23 өкіміне сәйкес,  Егінсу ауылдық округінің әкімінің аппаратының ММ, аудан әкімінің 03 наурыздағы №27 өкіміне сәйкес, Қарасу ауылдық округінің әкімі аппаратының ММ,  аудан әкімінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі  №56 өкіміне сәйкес, Матай ауылдық округі әкімнің аппаратының ММ, аудан әкімінің 2021 жылғы 20 мамырдағы №70 өкіміне сәйкес, Ойтоған ауылдық округі әкімінің аппарты ММ, аудан әкімінің 2021 жылғы 15 маусымдағы  №77 өкіміне сәйкес, Б, Сыртанов ауылдық округі әкімі аппаратының ММ. Аудан әкімінің 2021 жылғы 8 шілде №85 өкіміне сәйкес, аудандық жер қатынастары бөлімі ММ сі.

       Тексеріс барысында заң бұзушылық жер бөлімінде орын алып, бөлім басшысының міндетін атқарушы Д. Тұрысбаеваға аудан әкімінің № 244 – ө, өкіміне сәйкес  тәртіптік жауап кершілік -  сөгісі жариаланды. Бұдан бөлек, жер қатынастары бөлімне түскен өтініштерді уақытылы ақпарттық жуеге тіркемегендігі үшін, бөлім басшысы Қ.Бекбатыровқа Қазақстан Республикасының әімішілік кодесіне сәйкес  4 айыппұл салынды.  Сонымен қатар ағымдағы жылдың 6 айында мерзімі бұзылып көрсетілген мелекеттік қызметтердің саны -2 тіркелді. Аталған заң бұзушылықты жіберген 2 мемлеккеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілкке тартылды.

 

( аудан әкімінің аппратының жалпы бөлімшесінің бас маманы Х. Дебирова, Көшкентал ауылдық округінің әкім аппаратының бас маманы Ж. Каденова)

 

       Аудан орталығындағы Жансүгіров ауылында  Сервистік әкімдікте  халыққа 49-дан астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Есептік кезеңде 2000 аса әр түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді.  Есептік кезеңде Сервистік әкімдіктің өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы қызмет алушылар өз бетінше 1632 әр түрлі қызмет түрін алды. Сонымен қатар аудан аумағында 85 өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмысын жасайды.   Аудандық  мемлекеттік мекемелерінің жұмысы аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұдайы назарында, яғни жыл басынан қоғамдық кеңес отырыстарында аудандық    3 мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекеме атқарылған жұмыстарының нәтижелері тыңдалды. Кеңес отырыстарының қорытындысы бойынша мекемелер атқарылған жұмыстарына оң баға берілді. «Nur Otan» саяси партиясының партиялық бақылау кеңес отырысында, аудандық АХАЖ жұмысының есебі тыңдалып, нәтижесі қанағаттанарылық деген баға берілді.

  Осыған орай, аудан бойынша Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үздіксіз жетілдіру  жұмысы әрі қарай жалғасады. Бұл сала тек қана мемлекеттік органдардың қатысуын ғана емес, барша тұрғындарымыздың белсенділігін қажет етеді.

Дата публикации
23 ноября 2021