Алматы облысы Ақсу  ауданы  Суықсай ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы

Алматы облысы Ақсу  ауданы  Суықсай ауылдық округі

әкімінің сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

 

2021 жылы 21 қарашада 1 сайлау округі бойынша Ақсу ауданының ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Ақсу аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының               14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес ауылдық округ әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес сайлау нәтижелерін анықтады:

Суықсай сайлау округі Суықсай ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 820 азамат енгізілді, оның 64,9% дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 39, «бәріне қарсы» - 1.

 Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Бекбулатов С.Ж. – 38,2 %; Кобенбеков Н.Б – 3,6%; Коңыров Қ.Н. – 58,1%.

Суықсай ауылдық округінің сайланған әкімі Коңыров Қуаныш Нұрланұлы, 1985 ж.т., Суықсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Ақсу ауданы, Суықсай ауылында тұрады, өзін өзі ұсынған.

Дата публикации
23 ноября 2021