Алматы облысы
Ақсу ауданында 1 әкім сайлауы өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты тағайындалды.
1 аумақтық және 5 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.
Округ бойынша барлығы 5 кандидат ұсынылды: 1 - НПК - дан, 4-өзін-өзі ұсыну арқылы.
Ақсу ауданы
Суықсай ауылдық округі бойынша 5 кандидат ұсынылды: 1– НПК атынан және 5-Өзін-өзі ұсыну жолымен.
3 үміткер мемлекеттік қызметшілер болып табылады (Суықсай а/о әкімі аппаратының бас маманы, Жансүгіров а/о әкімінің орынбасары, 1 – "Кен-Ел" шаруа қожалығының басшысы, 1 - зейнеткер.
Өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған 1 кандидат өз өтініші бойынша алынды, 1 кандидат Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының хаты негізінде алынды .
3 кандидат сайлау бюллетеніне енгізілді.
Дауыс беруге 820 сайлаушының 532-сі қатысты (64,9%).
Дауыс беру қорытындысы бойынша 1985 жылы туған, Ақсу ауданы Суықсай ауылдық әкімі аппаратының бас маманы Конуров Қуаныш Нұрланұлы сайланды, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды, 58,0% дауыс жинады.
Сайлау учаскелерінде кандидаттардың 10 сенім білдірген адамдары, Талдықорған өңірлік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорынан 6 байқаушы тіркелді,
Сайлау науқаны кезінде өтініштер түскен жоқ.
Аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Б. Байболов
Аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Б.Нурзолдинова