Ақсу ауданының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын бекіту туралы

ЖОБА

 

 Ақсу ауданының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1054 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес                            5.4.4-тарауына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақсу ауданындағы тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Ақсу ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:                                                                       
  • осы қаулыны Ақсу ауданының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
  • осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Ақсу ауданында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
  • осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақсу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Сабырбаевқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақсу ауданының әкімі                                                            Е.Базарханов

 

 

 

Қосымша
Дата публикации
11 июня 2021