ЖОБА
Ақсу ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына
түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8 -бабының 2 -тармағына, 11 -бабының 1 -тармағына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Ақсу ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің 1, 2 -қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
- Ақсу ауданының Жансүгіров ауылы және ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 3, 4 –қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
- Ақсу аудандық мәслихатының «Ақсу ауданы бойынша жерлерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы), жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 39-242 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 56762 тіркелген);
- Ақсу аудандық мәслихатының «Ақсу ауданының елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» 2012 жылғы 8 маусымдағы № 5-47 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 66813 тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.