О работе по обеспечению питьевой водой государственного учреждения» Отдел жилищно – коммунального хозяйства и жилищной инспекции Аксуского района " на 2018-2020 годы

    Ақсу аумағында орналасқан 49 елді мекеннің 42 елді мекені орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілді, немесе сапалы ауыз сумен елді мекендердің 85,7 пайызы  қамтылып отыр. Осыдан 5 жыл бұрын 50 пайызға жуығы қамтамасыз етілсе, соңғы 2 жылдың көлемінде            7 елді мекендерде су жүргізу жұмыстары жүргізілді. «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесін салуға жыл сайын  1 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінуде. Бұл сектордың дамуы қарқынын арттыруға және елді мекендердің басым бөлігін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

2018 жылы аудан көлемінде 6 ауылда ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерінде құрылыс жұмыстары жүргізілді:

«Алматы облысы Ақсу ауданының Қапал ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін реконструциялау және салу» құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 2018 жылға 370,0 млн теңге қаражат бөлінді. Жалпы жобалық құны 621 млн. теңге болатын жобалық сметалық құжаттамасы 2011 жылы дайындалған. Құрылыс жұмыстары 2014 жылы басталып, қаражаттың толық бөлінбеуіне байланысты 4 жыл бойы жүргізілді. Мердігер мекеме «Темірқазық стройпроект» ЖШС. Нысан 2018 жылдың 30 қарашасында пайдалануға берілді.

«Алматы облысы Ақсу ауданының Ақсу ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін күрделі жөндеу жұмыстарына» облыстық бюджеттен 2018 жылға 200,0 млн теңге қаражат бөлінді. Мердігер мекеме «Көлсай строй» ЖШС. Жоба құны 252 млн. теңге, құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталып, 2018 жылы 31 желтоқсанда нысан қабылданып, пайдалануға берілді.

«Алматы облысы Ақсу ауданының Көкөзек ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін реконструциялау және салу» облыстық бюджеттен 2018 жылы 166,547 млн теңге қаражат бөлінді. Конкурс нәтижесінде «АИКО» ЖШС мердігер болып, келісім шарт жасалынды. Жобаның жалпы құны 180 млн теңге. Нысанның құрлыс жұмыстары 2018-2019 жылдарға ауыспалы кезеңмен жүргізілді. 2019 жылы маусым айында пайдалануға берілді.

2018 жылы «Алматы облысы Ақсу ауданының Қарашілік ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін реконструциялау және салу» облыстық бюджеттен  50,0 млн теңге қаражат бөлінді. Конкурс нәтижесі бойынша «Alatau constraction group» ЖШС ұтты, келісім шарт жасалды. 2018 жылы бөлінген қаражат шегінде жұмыстар жүргізіліп, 2019 жылға ауыспалы кезеңге өтті. 2019 жылы жұмыстарды толық атқармағаны үшін, келісім шарт сот арқылы бұзылып, қбөлінген қаражат игерілмей бюджетке қайтарылды. 2020 жылы ЖСҚ мерзімі өтуіне байланысты, түзету енгізіліп, жыл соңында құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мердігер анықталды. «Тау Толағай» ЖШС мен келісім шарт жасалды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты, қараша – желтоқсан айларында жұмыс жүргізілмегендіктен, бөлінген қаражат игерілмей қайтарылды. Биылғы жылға қажетті 70,0 млн теңге қайта бөлінді, жұмыстары жүргізіле бастады.

«Алматы облысы Ақсу ауданының Шолақөзек ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін реконструциялау және салу» облыстық бюджеттен                     158,1 млн теңге қаражат бөлінді. Мердігер «Алакөл Асыл құрылыс» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2018-2019 жылдарға ауыспалы кезеңмен жүргізілді. 2019 жылы 29 тамызда нысан қабылданды.

         «Алматы облысы Ақсу ауданының Ойтоған ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін реконструциялау және салу» облыстық бюджеттен                     155,7 млн  млн теңге қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланып, «Көлсай Строй» ЖШС-мен, келісім шарт жасалды. Құрылыс жұмыстары 2018-2019 жылдарға ауыспалы кезеңмен жүргізілді. 2019 жылы 29 қазанда  нысан қабылданды.

акт ввода в эксплуатацию с.Капал
Дата публикации
09 апреля 2021