ЖОБА
«Ақсу ауданы бойынша мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім
беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының
мөлшерін бекіту туралы» қаулысының күшін
жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылдың 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақсу ауданы әкімдігінің «Ақсу ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» 2019 жылғы 24 қыркүйегіндегі № 385 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5258 тіркелген, 2019 жылдың 26 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және «Ақсу өңірі» газетіне 2018 жылдың 30 қарашасында № 49 (9940) болып жарияланған), қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Есжанов Ғазиз Отарбаевичке жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Базарханов