Құрметті кәсіпкерлер!
Бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 2018 жылдан бастап "Protecting business and investments" жобасын іске қосты Жоба шеңберінде бизнес құрылымдармен инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісім жасалады. Сондай-ақ кәсіпкерлердің туындаған проблемаларын шешуде құқықтық алаң шеңберінде көмек көрсетуге Алматы облысының барлық аудандық және қалалық кәсіпкерлік бөлімдері бағдарланған. Келісім жобасы aksuakimat.gov.kz Ақсу ауданы әкімінің сайтында орналастырылған. Толық ақпарат алу үшін аудандық кәсіпкерлік бөліміне мына мекенжай бойынша хабарласуға болады:
Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, 5, үшінші қабат, №2 кабинет
тел. 8 728 32 21999
моб. 87717089610