Аналитическая справка об оказанных государственных услугах за 12 месяцев 2020 года по Аксускому району

           Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес Ақсу ауданы әкімдігінің мемлекеттік органдарымен көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде-99 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы – 14478. Оның ішінде:

қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 7952;

  • «Электрондық үкімет» веб-порталы арықыл (ПЭП) көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 1339;
  • көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы – 227;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 3406;
  • Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 1554;

       Портал арқылы өтініш тапсыру азаматқа оның өзінің жеке кабинете арқылы қарау мерзімдерін бақылауға, өтініш орыдаушысы туралы мәліметтерге үйден шықпай-ақ қол жеткізуге мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда, аудан бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде оң динамика байқалады, яғни  2019 жылы электронды түрде 134 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 2020 жылы 1339 қызмет көрсетілген немесе 10 есе артқан.

        Осымен қатар 2019 жылы қағаз түрінде 1966 мемлекеттік қызмет көрсетілсе,  2020 жылы 227 қызмет көрсетіліп, яғни   қағаз түрінде көрсетілегн мемлекеттік қызметтер 11 есе азайған. Яғни, бұл көрсеткіш азаматтарымыздың цифырлық дағдыларымен  қатар құқытық сауаттылығы өте жоғарғы екендігі куләндырады.   Аталған нәтижелердің өсіу,  аудан бойынша  мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған 85 дана  өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмысын атқарады, аталған бұрыштар арқылы есептік кезеңде  2878 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сонымен қатар, тұрақты түрде халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін,   бұқаралық ақпарат құралдарында                          ( 13 мақала, 26 іс-шара семинар, 12 жәрмеңке, 10 видеооролик,  еріктілер тобымен 17 ауылдық округте насихат жұмыстары жүргізіліп келеді, және 1 бейнеролик, жетісу телеарнасына шыққан материалдары қосқанда, ауылдық округте мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға арналған тиматикасына билборттар ілінген) аталған іс-шараларды,  шамамен 20 мың адам қамтыды. Сонымен қатар, электрондық форматта EGOV электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу туралы үгіт насихат материалдары әлеуметтік желілерге  жариялануда.  Аудан орталығындағы Жансүгіров ауылында  Сервистік әкімдікте  халыққа 49-дан астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Есептік кезеңде 2000 аса әр түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді.   Есептік кезеңде Сервистік әкімдіктің өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы қызмет алушылар өз бетінше 1632 әр түрлі қызмет түрін алды. Нәтижесі түсінікті,  халықтың цифрлық сауаттылығы күн сайын өсіп келе жатқаны байқалада. Үкімет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет болу» тұжырымдамасының аясында 11 мекеме басшылары (фейсбук желісі арқылы ) тікелей эфирге шығып халықтың сауалдарына жауабтарын берді. Шешілмей қалған сұрақ жоқ. Аудан әкімінің аппараты Ішкі бақылау қызметімен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау қағидаларына және 2020 жылға бекітілген жоспарларға сәйкес, 12 айда, бақылау тексеру іс-шараларымен 11 бақылау объектісі қамтылды. Нәтижесінде 1 мекемеге мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде орын алған заң бұзышлықтың негізінде (ескету) тәртіптік жауап кершілігі қолданылды. Осымен қатар аудан әкімінің атына, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы ММ-сі, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы ММ-сі қызметтеріне қатысты шағым қаралып, дәлелдер расталған соң,  аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы ММ-сінің, мекеме басшысына мемлекеттік қызметтерді негізсіз көрсетуден бас тартқандығы үшін  аудан әкімінің өкіміне сәйкес, тәртіптік жаза сөгіс жарияланды. Бұдан бөлек, аудан әкімінің өкіміне сәйкес,  аудандық мәслихат депутаты, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдар қызметкерімен арнайы мониторингтік топ құрылды. Мониторинг тобымен  мемлекеттік ұйымға бару арқылы, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, ережелер мен ыңғайлылықты сақтау бойынша 3 мекеме қаралып тиісті нұсқаулықтар берілді. Соның бірі аудандық Кірістер басқарамасы. Қазіргі таңда пандус стандартқа сәйкес келтіру жұмыстары аяқталды. Аудандық  мемлекеттік мекемелерінің жұмысы аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұдайы назарында, яғни жыл басынан қоғамдық кеңес отырыстарында аудандық                            3 мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекеме атқарылған жұмыстарының нәтижелері тыңдалды. Кеңес отырыстарының қорытындысы бойынша мекемелер атқарылған жұмыстарына оң баға берілді. «Nur Otan» саяси партиясының партиялық бақылау кеңес отырысында, бөлімшенің 9 айда атқарған жұмысының есебі тыңдалып, нәтижес, қанағаттанарылық деген баға берілді. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ (облыс көрсеткіші).  Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту саны, барлығы - 19,  оның ішінде электрондық түрде  - 19, негізсіз бас тарту тіркелген жоқ. ( Тұрғын үй кезегіне, кезекке тұру) мемлекеттік қызметі түрі бойынша.

 Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үздіксіз жетілдіру бойынша жұмыс әрі қарай жалғасады. Бұл сала тек қана мемлекеттік органдардың қатысуын ғана емес, барша тұрғындарымыздың белсенділігін қажет етеді.

        

 

Ақсу ауданы әкімі аппараты

мемлекеттік қызметтер мониторингі

және ақпараттық технологиялар

бөлімшесінің  басшысы                                                        С.Жұмабеков

 

 

 

Дата публикации
20 января 2021