VII шақырылған Ақсу аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы ХАБАРЛАМАСЫ

VII шақырылған Ақсу аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Ақсу аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Ақсу ауданы бойынша сайлаушылар тізіміне 24630 азамат енгізілді,  оның ішінде 20737 адам немесе 84,19 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 20737 адам қатысты, оның ішінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны 12 сайлаушы,  дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерде 89 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 5 Саяси партия қатысты.

Дауыс беру кезінде Саяси партиялар үшін 20717 дауыс  берілді, оның ішінде;

Қазақстан Халық партиясы – 1515 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 7,31 % дауысы;

«Nur Otan» партиясы – 17202 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 83,03 % дауысы;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 1583 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,64 % ;

Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясы – 355 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,71 %.

«ADAL» саяси партиясы – 62 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,29 %.

Жарамсыз бюллетеньдер саны 20.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленген:

Қазақстан Халық партиясы – 1 мандат

«Nur Otan» партиясы – 10 мандат;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы –1 мандат.

 

 

                                      Ақсу аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
12 января 2021