Ақсу ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы

Ақсу ауданының 2021-2023 жылдарға

арналған бюджеті туралы

 

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет   кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 13 245 118 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 724 801 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 72 907 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 26 900 мың теңге;

трансферттердің түсімдері 12 420 510 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 4 735 125 мың теңге;

нысаналы даму трансферттері 1 212 673 мың теңге;

субвенциялар 6 472 712 мың теңге;

2) шығындар 13 245 118 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 73 924 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 109 418 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 29 464 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 73 924 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)               73 924 мың теңге.

  1. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемдері 410 502 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Ақсу ауылдық округіне                   23 967 мың теңге;

Арасан ауылдық округіне               23 097 мың теңге;

Б. Сырттанов ауылдық округіне     21 231 мың теңге;

Егінсу ауылдық округіне                20 942 мың теңге;

Есеболатов ауылдық округіне         16 246 мың теңге;

Жаңалық ауылдық округіне            21 180 мың теңге;

Жансуруров ауылдық округіне       35 535 мың теңге;

Қапал ауылдық округіне                 28 928 мың теңге;

Қаракөз ауылдық округіне              20 738 мың теңге;

Қарасу ауылдық округіне                24 595 мың теңге;

Қарашілік ауылдық округіне           32 277 мың теңге;

Көшкентал ауылдық округіне         21 484 мың теңге;

Қызылағаш ауылдық округіне        48 535 мың теңге;

Матай ауылдық округіне                 4 821 мың теңге;

Молалы ауылдық округіне              18 810 мың теңге;

Ойтоған ауылдық округіне             20 442 мың теңге;

Суықсай ауылдық округіне             27 674 мың теңге.

  1. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2021 жылға арналған резерві 16 285 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыруға;

мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту және мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға;

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға.

Көрсетілген трансферттерді ауылдық округтердің бюджеттеріне бөлу Ақсу ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2021 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу аудандық мәслихатының «Бюджет, әлеуметтік-мәдениет саласы, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

         7. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі

Дата публикации
07 декабря 2020