Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
ТҮКШ және ТҮИ

«Ақсу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға атқарылған жұмыстары туралы.

  1. «Таза Қазақстан»

Жетісу облысы әкімінің 2025 жылғы 31 наурыздағы «Ауданның елді мекендерді көктемгі-күзгі санитарлық тазалау айлықтарын өткізу, абаттандыру және көгалдандыру айлығы туралы»  №88 қаулысының қосымшасына сәйкес комиссия мүшелері құрылып, жұмыс жоспары бекітілді.

Аудан көлемінде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында  сенбіліктер өткізілуде.

  1. Автомобиль жолдары

Аудан бойынша жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 901 шақырымды құрайды (Оның ішінде: Республикалық – 94 км (316-410 км), Облыстық – 488,5 км, Аудандық – 19,5 км, Жергілікті – 299 км).

Аудандық маңызы бар автомобиь жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізу бағытында 2025 жылға бюджеттен 701,0 млн.теңге бөлінді.

Бұл қаражатқа аудан бойынша 7 елді мекенің ұзындығы 12,2 шақырымды құрайтын  2 кіре беріс,                15 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Анықтама үшін:

- Арасан ауылдық округінің Қызылжар ауылына кіре беріс жол (3,3 км)  Мердігерлік мекеме «Жетісу Жол Құрылыс» ЖШС.        

- Есеболатов ауылдық окрігінің Есеболатов ауылына кіре беріс жол  (2,2 км)  Мердігерлік мекеме «Марлен-А» ЖШС.

- Кеңжыра ауылының  (6 көше 1,8 км)  8 Наурыз, Ауезов, Уалиханов, Абай, Ғарышкер, Бақ көшелері.Мердігерлік мекеме «Марлен-А» ЖШС.

- Қарашілік  ауылының (2 көше, 0,958 км) Акын сара, Омарбаев,  Еңбек  ауылының (2 көше, 0,986 км) Ақтанберді, Мейірман көшелері. Мердігерлік мекеме «Марлен-А» ЖШС.

- Б.Сырттанов ауылының (3 көше 1,1 км) Уалиханов, Ақын Сара, Мұқашев көшелері, Қопа ауылының (2 көше 1,9 км) Қазақстан, Жағалау көшелері. Мердігерлік мекеме «Жетісу Жол Құрылыс» ЖШС.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жансүгіров ауылында 4 көше қиылысына бағдаршам орнатылып, қолданысқа берілді.

  1. Ауыз су мәселесі

Ақсу ауданы бойынша 5 ауылда су құбырларына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Анықтама үшін:

- Жансүгіров ауылында 1-көтергіштің су құбыры желілері мен сорғы станцияларын ағымды жөндеу. Мердігерлік мекеме Береке Құрылыс и К ЖШС.

- Б.Сырттанов ауылында су тарту және су құбыры желілерін ағымды жөндеу. Мердігерлік мекеме Береке Құрылыс и К ЖШС.

- Матай ауылында 1-көтергіштің су құбыры желілері мен сорғы станцияларын ағымды жөндеу. Мердігерлік мекеме Береке Құрылыс и К ЖШС.

- Сағабүйен, Сағакүрес ауылдарында су құбыры желісін ағымды жөндеу Мердігерлік мекеме «ПМК-105» ЖШС.

- Қопалы ауылының су құбырларына ағымдағы жөндеу. Мердігерлік мекеме "GrandStroyArt" ЖШС.

- Өрт гидранттарын орнату және ағымды жөндеу. Мердігерлік мекеме Береке Құрылыс и К ЖШС.

  1. Абаттандыру шаралары

Ақсу ауданы бойынша 12 көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізілді. (Жансүгіров – 11, Қызылағаш - 1)

 «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында «Матай ауылының көшелерін жарықтандыру»  Мердігер мекеме «Mellon» ЖШС.

Жоғарыда аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауда.

Документы
Ақпарат
02 сентября 2026
МКД ЖЫЛДАМ ЖӘНЕ ЖАҢАЛЫҚҚА АЙНАЛДЫРУ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЖОБАСЫ көппәтерлі тұрғын үй қорын түгендеу және үйлердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру туралы
Ақпарат
30 июня 2026
Кондоминиум объектісін басқару нысандары және кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша Ақсу ауданының көппәтерлі тұрғын үйлерінің тізілімі
Ақпарат
22 мая 2026
«Ақсу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтаманы жария талқылау Хаттамасы
Новости
Полезные материалы
ТҮКШ және ТҮИ
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы
Медиагалерея
1
Хабарландыру
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Баспана кезегін электронды түрде қалай қадағалауға болады

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органның тұрғынжай беру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде – тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін тұрғын үй беруге мұқтаждарды есепке алу тізімдерінде белгіленген олардың кезектілігін көрсете отырып жариялауға міндетті.

Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін жүргізеді және тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін олардың кезектілігін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.

Мемлекеттік мекемелер мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін жүргізеді және тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін олардың кезектілігін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.

Баспанаға кезекке тұру тәртібі қандай?

 

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі -Заң) 71-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды тұрғылықты жерi бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармақшасына сәйкес мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі.

Осы Заңның 67-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтарды бөлек тізім бойынша есепке алады:

- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;

- Жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

-"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға

-Халықтың әлеуметтiк аз қамтылған топтарына

-Мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;

-Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 74-бабы 4-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға немесе жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына, көпбалалы аналарға, жетімтер мен  ата-ана қамқорлығынсыз өскен балаларға бірінші кезекте алуға кепілдік береді.

Социальные медиа

Фейсбук
instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы