
Ақсу ауданының аумағы 2 259 293 га.жерді құрайды. 2486 жер пайдаланушы тіркелді, оның ішінде:
2427-шаруа қожалықтары,
3-ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері,
54-ЖШС,
Мемлекеттік заңды тұлғалар – 2.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер-696167 га, оның ішінде:
71276 га-егістік,
1 га – көпжылдық екпелер,
6279га-тыңайған жерлері,
21067 га-шабындық,
595956 га – жайылым жерлері мен
1588 га-өзге де жерлер.
Шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың -11 жер учаскесін жалға алу шарттары жасалды.
Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту -электронды 5 өтініш түсіп, қызмет көрсетілді.
Аудандық жер комиссия отырысына түскен 7өтініш қаралып,
оң қорытынды шығарылды.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 - бабының талаптарына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерінің жалдау құқығын беруді ауданның немесе қаланың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырады.
Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру осы Кодекстің 43-1 бабында белгіленген тәртіппен конкурс негізінде жүзеге асырылады.
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатушы ретінде жергілікті атқарушы орган өкілдік етеді. Жергілікті атқарушы орган жер учаскелерінің тізбесін дайындайды және хабарландыруды қалыптастырады.
Жергілікті атқарушы органдар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады.
Жоғарыда аталған жер заңнамалары талаптарына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі жарияланған күннен бастап, Қазақстан Республикасының азаматтары конкурсқа қатысу үшін өтінім берулеріне болады.
Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелері жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылған конкурстар негізінде беріледі.