Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту

Әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімі  бойынша  2025 жылдың қаңтар айында  атқарылған  жұмыстар туралы

 

Әлеуметтік көмек бойынша: Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек ағымдағы жылдың қаңтар айында аз қамтылған 132 отбасының 626 адамына 8 445 334 тенге тағайындалды.

Биылғы жылға жоспар 543 отбасы, 2360 адам, 214 952 000 теңге.

Атаулы әлеуметтік  көмек алушы отбасыларының 1 жастан 6 жасқа дейінгі  балаларына  кепілдендірілген  әлеуметтік  топтама  113  балаға 1 297 560 теңге тағайындалды.

2025 жылға жоспар 528 бала 33 466 000 теңге.

Біржолғы әлеуметтік төлемдер:

Ауған соғысының жауынгерлері мен қайтыс болған жауынгерлердің  отбасына, барлығы- 18 адамға  2 700 000 теңге төлеу жоспарлануда.

Мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша: 

Мұқтаждықтарына   байланысты  қаңтар  айында    11  адамнан  міндетті  гигиеналық   құралдар алуға    өтініш  тіркеліп, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс жасалынып, барлығы қамтамасыз етілуде. Биылғы  жылға  жоспар 33 563 000  теңге.

Жүріп-тұруы  қиын  1 топтағы  23 мүгедектігі бар адамға жеке  көмекшінің   қызметі портал арқылы тапсырыс беріліп, орындалды. Биылғы  жылға  жоспар 43 281 000  теңге.

Ымдау тілінің қызметі  6 мүгедектігі бар адамға тағайындалды.

Биылғы  жылға  жоспар 1 899 000  теңге.

Сурдотехникалық құралдар алуға 1 адамнан өтініш қабылданды. Биылғы  жылға  жоспар 3 965 000  теңге

Тифлотехникалық құралдар алуға 4 адамнан өтініш қабылданды. Портал арқылы тапсырыстар жасалынды.

 Биылғы  жылға  жоспар 7 288 000  теңге

Кресло- арба алуға 1 адамнан өтініш қабылданып, өтініштері әлеуметтік порталға жолданды.  Биылғы  жылға  жоспар   теңге 7 798 000 теңге.

Протездік- ортопедиялық құралдар алуға 6 адамнан өтініш қабылданды. Портал арқылы тапсырыстар жасалынды.

 Биылғы  жылға  жоспар 5 167 000  теңге

Санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету- қаңтар айында қабылданғаны 85 өтініш, оның  барлығы әлеуметтік порталға жолданды.  Биылғы  жылға  жоспар 44 004 000 теңге

«Инватакси» қызметі-  мүмкіндігі шектеулі азаматтардан түскен сұраныстары  бойынша қаңтар  айында  98 тапсырыс орындады.

Документы
Ақпарат
22 июля 2026
Ақсу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жою туралы
Ақпарат
15 мая 2026
Ақсу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Ақпарат
30 апреля 2026
Әлеуметтік қызметтер порталының қолданушылары мен жеткізушілерінің назарына!
Новости
Полезные материалы
Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
Медиагалерея
1
«А» және «В» санаттары нені білдіреді және оларды анықтау кезінде қандай көрсеткіштер ескеріледі?
0
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: КӨМЕК НАҚТЫ МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА БАҒЫТТАЛАДЫ
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Атаулы әлеуметтік көмек кімге көрсетіледі.

Атаулы әлеуметтік көмек отбасының барлық мүшелеріне жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейлік шегінің айырмашылығы ретінде (ең төменгі күнкөріс деңгейі 23112 теңге кедейлік шегінің 70%) тоқсан сайын хабарласқан айдан бастап тағайындалады.

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді.

АӘК мыналарға тағайындалмайды:

1) жан басына шаққандағы орташа табысы (23 112 теңге) белгіленген кедейлік шегінен асатын адамдарға (отбасыларға);

2) «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Заңның 2-бабы 6-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай бойы;

3) алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы алты ай бойы;

4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған  күннен бастап алты ай бойы;

5) материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.

Бизнесті дамыту үшін мемлекеттік грантты қалай алуға болады?

Бизнесті дамыту үшін мемлекеттік грантты қалай алуға болады?

Мемлекеттік гранттарды мемлекет «Бизнес жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері (Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы) арқылы береді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 Қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 20-тармағына сәйкес конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар гранттар беруге арналған конкурстық іріктеудің қатысушылары бола алады. Конкурс бюджет қаражаты болған жағдайда жылына кемінде 2 рет өткізіледі. Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен орны конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі. Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі облыстың өңірлік апта сайынғы баспа басылымында бизнес-идеяларды қаржыландыруға мемлекеттік гранттар беру мақсатында кәсіпкерлерді іріктеу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды жүзеге асырады. Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы 2 (екі) млн.теңгеден 5 (бес) млн. теңгеге дейін құрайды.

Социальные медиа

Фейсбук
instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы