Жансүгіров ауылында әлеуметтік сала халықтың әл-ауқатын арттыруға және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Ауыл халқының жалпы саны – 8 384 адам. Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 3 726 адамды құрайды. Жұмыссыздар саны – 520 адам, ал жалпы жұмыссыздық деңгейі 6,3% құрайды.
Әлеуметтік осал топтарды қолдау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылы атаулы әлеуметтік көмек 58 отбасыға тағайындалған. Сонымен қатар ауылда 178 көп балалы отбасы бар, оларға мемлекет тарапынан тиісті әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
Ауылда 168 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Оның ішінде:
•I топ – 26 адам
•II топ – 86 адам
•III топ – 56 адам
Бұл санаттағы азаматтарды қолдау, олар үшін қолайлы орта қалыптастыру және әлеуметтік бейімдеу жұмыстары тұрақты түрде жүзеге асырылуда.
Зейнеткерлер саны – 1 373 адам. Оларға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіліп, қажетті медициналық және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігі қамтамасыз етілуде.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі 57 201 теңгені, ал орташа айлық еңбекақы көлемі 102 500 теңгені құрайды. Бұл көрсеткіштер ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын айқындайды.
Ауылда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Пандустармен қамтамасыз етілу деңгейі:
•Әкімшілік ғимараттар – 100%
•Білім беру нысандары – 100%
•Денсаулық сақтау мекемелері – 100%
•Мәдениет нысандары – 100%
•Спорт нысандары – 75% (3 нысанның 2-еуі бейімделген)
Қазіргі таңда бейімделмеген спорт нысандарын толық жабдықтау бағытында жұмыстар жалғасуда.
Жалпы алғанда, Жансүгіров ауылындағы әлеуметтік қорғау жүйесі халықтың түрлі санаттарына кешенді қолдау көрсетуге бағытталған. Негізгі мақсат – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік тұрақтылықты нығайту.