
Егін шаруашылығы
Жансүгіров ауылдық округі тұрғындарының басым бөлігі ауылшаруашылығы саласымен айналысады. Оның ішінде 229 шаруа қожалығы 2023 жылдың өніміне 4-АШ нысанды есебіне сәйкес барлығы 5990,42 гектар алқапқа төмендегі ауылшаруашылығы дақылдарын егіп, өнім алды.
Белсенді жұмыс жасап тұрған ЖШСлар
Округ бойынша белсенді жұмыс жасап аудандық статистика басқарамасына есеп тапсырып тұрған «Аксу МТС- Агро» және Агрохолдинг Аксу» ЖШСлары. Олар 2023 жылдың өніміне -70 гектар майбұршақ, 269 гектар жоңышқа, 150 гектар дәндік жүгері, 180 гектар жаздық арпа септі.
Қант қызылшасы
2023 жылдың өніміне себілген қант қызылшасын 315 гектары өкінішке орай, ауа райының қолайсыздығына байланысты мамыр айының 19-23 жұлдызында жауған бұршақтың салдарынан 315 гектар алқап бұршаққа ұрылып, 262 гектар алқап жойылып, акт жасалынды. Аман қалған гектарға қосымша 110 гектарға қайта себіліп, өніп шықты.
Қазуға жататын 177 гектар алқаптың 150 гектары қазылып, округ бойынша қант қызылшасын жинау жұмыстарына 11 ауылшаруашылығы техникасы жүргізіліліп, Ақсу қант зауытына барлығы 4151,44 тонна қант қызылшасы өткізілді. Орташа өнімділігі гектарына 276 центнерден берді.
2024 жылдың өніміне қант қызылшасын себу жоспары – 500 гектар. Қант қызылшасына себуге тілек білдірген шаруа қожалықтарының тізімі нақтыланып, Жансүгіров ауылы бойынша - 7, Көкөзек ауылы бойынша - 14, Алтынарық ауылы бойынша -15. Барлығы 36 шаруа қожалығы 680 гектарға қант қызылшасын себуді жоспарлап отыр.
Барлығы 718 гектар терең сүдігер жыртылып, дайындалды. СПК «Жетісу» арқылы 1021 себу бірлігі барлығы 36 шаруа қожалығы қант қызылшасының тұқымына сұраныс берді.
Көктемгі егіс жұмыстарына арзандатылған дизель отынына округ бойынша 22 шаруа қожалығы тапсырыс берді.
Күздік бидай 171 гектарға себілді.