2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша
АҚПАРАТ
Ақсу ауданы әкімдігінің «Жаңалық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңды мекен-жайы: Жетісу облысы Ақсу ауданы Жаңалық ауылы, Н.Диханбаева көшесі №1 үй
Ақсу ауданы әкімдігінің «Жаңалық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олар:
Биылғы жылы " Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу " туралы өтініш түскен, көрсетілген мерзім бойынша қызмет көрсетілді.
Аталған көрсетілетін мемлекеттік қызмет "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы
1 қазандағы № 301 бұйрығын сәйкес электронды түрде жүргізіледі.
Қызмет алушылармен жұмыс:
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызметті алушыларға қажетті барлық ақпарат Жаңалық ауылдық округі әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен ережелері бар.
Сондай-ақ, округ әкімдігі ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері ақпараттық стендте орналастырылған.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған тоқсан сайын iс-шаралар, түсiндiру жұмыстары, кездесулер, сұхбаттар өткізіледі. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа хабарланып отырады. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік қызметті электронды түрде алу тәртіптерін насихаттау жөнінде жыл басынан барлығы 45 брошуралар таратылды.
Округ әкімдігінде азаматтарға арналған электрондық қызмет көрсету бұрышы қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Онда көрсетілетін қызметтің түрлері, мерзімі және т.б. мәліметтер орналастырылған. Электрондық қызмет көрсету бұрышында халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінбей бір қатар анықтамалар мен мемлекеттік қызмет түрлерін «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы цифрлық қол таңбалары бар, әрбір ауыл тұрғындары алуға болады.
Электрондық қызмет көрсету бұрышында жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерінің электронды цифрлық қолтаңбаларын ашуға қолайлы жағдай жасалған. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыру және атқарушылық тәртіптің деңгейін көтеру күнделікті бақылауда. Бүгінгі күнге ауыл тұрғындарына «Egov» бұрышы арқылы жыл басынан
42 әр деңгейдегі анықтамалармен қызметтер көрсетілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
-мерзімі бұзылса
-артық құжаттар талап етілсе
-негізсіз бас тартылса
-бюрократия мен сөзбұйда пайда болса
-нәтижелермен келіспесе, қызмет алушының құқықтары мен бостандықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің телефон номері мен QR код арқылы жүгіну туралы нұсқаулық қазақ және орыс тілдерінде ілініп тұр.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн нормативтiк-құқықтық жетiлдiру мәселесi бойынша қызметтi алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ.
Ішкi бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылық жоқ, қызмет алушылардан соңғы 3 жылда шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттыру курстарынан және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша аудандық бөлімдерден практикадан өтіп келген мемлекеттік қызметкер бар.
Қызмет алушылардың сұраныстарын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді арттыру мақсатында ҚР-ның заңнамаларын сақтау мәселесі ұйымдастырылды. Округ әкімі аппараты жеке тұлғаларды қолжетімді және сапалы қызмет көрсетуін жалғастырады.