Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделеді.
Республика Президентін, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті мемлекеттік органдардың мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі.
Республика Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі.
Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, оның еркін білдіруін шектеуге ешкімнің құқығы жоқ.