Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жасанды интеллект негізінде әзірленген жаңа шешімдерін көпшілік назарына ұсынды.
Солардың бірі - «AI Senim» атты дауыстық AI-ассистенті. Ол азаматтарға 100-ден астам мемлекеттік қызмет бойынша кеңес беріп, қажетті ақпаратты жедел ұсынады. Бүгінде «AI Senim» ай сайын орта есеппен 25–30 мың өтінішті өңдейді. Оның 40%-ына AI-ассистенттің өзі жауап берсе, қалған 60%-ы егжей-тегжейлі кеңес алу үшін операторларға жолданады.
«Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі заман талабына сай үздіксіз жетілдіріліп, халық үшін барынша қолайлы болып келеді. Бұдан әрі де осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін инновациялық шешімдерді енгізуді көздеп отырмыз. Атқарылып жатқан шаралар мемлекеттік қызметтерді алу кезінде барынша қолжетімділік пен жайлылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосатынына сенімдімін», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Қазіргі таңда 1414 желісіне келіп түсетін әрбір 20-шы қоңырау AI-ассистенттің қатысуымен өңделеді. Алдағы кезеңде оның ауқымын кеңейтіп, барлық қоңырауды алдымен «AI Senim» қабылдайтындай жүйеге көшіру көзделіп отыр.
AI-ассистент азаматтың сөзін танып, сұрағының мәнін анықтайды және тиісті ақпаратты ұсынады. Қазір оның функционалын кеңейту, соның ішінде динамикалық қызметтерді іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Болашақта азаматтар тек кеңес алып қана қоймай, дауыстық ассистентпен сөйлесу барысында кейбір мемлекеттік қызметтерді бірден рәсімдей алады.
Форум барысында AI-ассистенттің жұмысын бақылауға арналған арнайы платформа да таныстырылды. Оның көмегімен нақты уақыт режимінде келіп түскен сұраныстардың саны, сөйлесу ұзақтығы және өзге де көрсеткіштер қадағаланады.
Сонымен қатар мамандар қоңырау жазбасын тыңдап, диалогтың толық мәтінін және AI-ассистент өңдеген сауалдың нәтижесін көре алады. Жаңа платформа арқылы азаматтардың сөйлесу барысындағы көңіл күйі мен тоналдылығын талдауға да мүмкіндік бар
«Жеке менеджер» қызметі барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларда ұсынылады. Ал жылжымайтын мүлікке қатысты мемлекеттік қызметтерді алу үшін азамат тіркелген жері бойынша жүгініп, келісімшарт жасайды. Осыдан кейін жеке менеджер құжаттарды рәсімдеудің барлық кезеңінде қызмет алушыға жеке қолдау көрсетіп, қызметті басымдықпен алуға мүмкіндік береді.
Қызмет құны халыққа қызмет көрсету орталықтарында – 5 697 теңге, ал мамандандырылған ХҚКО-ларда – 6 306 теңге.
Сонымен қатар, түрлі себептермен ХҚКО-ға келе алмайтын азаматтар үшін жеке менеджердің көшпелі қызмет көрсету форматы қарастырылған. Бұл жағдайда маман алдын ала берілген өтінім бойынша келісілген уақыт пен мекенжайға барып қызмет көрсетеді. Көшпелі қызмет көрсету құны – 7 447 теңге.
Айта кетейік, көшпелі формат ХҚКО-ның мемлекеттік қызметтері бойынша ғана көрсетіледі. Алайда паспорт, жеке куәлік, жүргізуші куәлігі мен көлік құралдарын қайта тіркеу қызметтері бұл форматқа кірмейді.
Аталған сервис әсіресе кішкентай баласы бар ата-аналар, жұмыс кестесі тығыз азаматтар мен кәсіпкерлер арасында кең сұранысқа ие. Қызметті кез келген азамат өз қалауымен пайдалана алады.
Жеке менеджердің көшпелі қызметіне өтінім беру үшін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтындағы «Қызметтер» бөлімінен «Жеке менеджердің үйіне бару» қызметін таңдап, өтінім қалдыру қажет. Сондай-ақ 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы да кеңес алып, өтінім беруге болады.
Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
Сайлау күні дауыс берушілерге бір күндік тіркеу рәсімі
қолжетімді болады
23 тамыз, Құрылтай сайлауы күні, тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ қазақстандықтар дауыс беру үшін сайлау учаскесі орналасқан мекенжай бойынша бір күнге тіркеуге тұра алады. Бұл қызметті сайлау учаскелерінде халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары көрсетеді.
Дауыс беру күні еліміз бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істейді. Соның 221 учаскесінде ХҚКО қызметкерлері азаматтардың бір күндік тіркеуін рәсімдейді. Бұл өз кезегінде олардың сайлау құқығын жүзеге асырып, дауыс беруге қатысуына мүмкіндік береді.
Тіркеу тек дауыс беруге қатысу мақсатында бір күнге рәсімделеді. Келесі күні тіркеу автоматты түрде жойылады. Егер сайлау учаскесі мектепте, колледжде, университетте немесе басқа да мекемеде орналасса, азамат сол нысанның мекенжайы бойынша тіркеледі.
ХҚКО қызметкерлері сайлау учаскелерінде сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Тұрғылықты жері бойынша тіркеуі бар азаматтар өздерінің тіркелген мекенжайына сәйкес сайлау учаскесінде дауыс береді.
Сайлау учаскелерінің толық тізімімен және тиесілі учаске туралы ақпаратпен Орталық сайлау комиссиясының сайтынан онлайн режимде танысуға болады.
Қазақстан цифрлық мемлекеттің келесі буынына көшуде
Бүгінде Қазақстан электрондық үкіметті дамыту бойынша БҰҰ рейтингінде 24-орында тұр. eGov жүйесі құрылды, жаппай көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің едәуір бөлігі онлайн режимде қолжетімді, мобильді формат белсенді дамып келеді. Сондықтан Мемлекет басшысы белгілеген жасанды интеллектіні кең ауқымда енгізу бағыты цифрлық дамудың келесі заңды кезеңіне айналып отыр.
Осыған байланысты бүгінгі Үкімет отырысында мәселе жекелеген электрондық сервистерді дамыту шеңберінде ғана емес, жасанды интеллект негізінде мемлекеттік қызметтер экожүйесін қалыптастыру тұрғысынан кеңірек қаралды. Оның жекелеген элементтері қазірдің өзінде қалыптасып келеді: QazTech бірыңғай технологиялық негізді қалыптастырады, eGov 3.0 мемлекеттік қызметтердің өзін жеңілдетеді, eGov GPT азаматтардың мемлекетпен өзара байланыс жасау тәсілін өзгертеді, AI-кеңселер ХҚКО жұмысын трансформациялайды, ал eGov Business кәсіпкерлерге арналған сервистерді біріктіреді.
Ендігі басты тиімділік критерийі — әзірленген ақпараттық жүйелердің немесе тіпті онлайн режимге көшірілген қызметтердің саны емес. Цифрлық мемлекеттің тиімділігі азаматтар мен бизнеске үнемделген уақытпен өлшенуге тиіс.
Мемлекеттік қызметті алу үшін қаншалықты аз өтініш, анықтама, кезек, қолмен келісу және артық әрекет қажет болса, цифрлық трансформация соғұрлым нәтижелі жүзеге асырылды деген сөз
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Ақсу аудандық прокуратурасының бастамасымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен судағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған рейдтік-профилактикалық іс-шара өткізілді.
Рейд барысында аудан аумағындағы рұқсат етілмеген шомылу орындары араланып, тұрғындарға судағы қауіпсіздік қағидалары түсіндірілді. Сонымен қатар ақпараттық жадынамалар таратылып, ата-аналарға балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмау қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ азаматтарға тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда шомылу қажеттігі, мас күйінде және жабдықталмаған орындарда суға түсудің қауіптілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақсу аудандық прокуратурасы азаматтарды судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, балаларға ұдайы бақылау жасауға және тек рұқсат етілген орындарда ғана шомылуға шақырады.
Адам өмірі мен денсаулығы – ең жоғары құндылық. Заң талаптарын сақтау – қауіпсіздіктің басты кеп
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Ақсу аудандық прокуратурасының бастамасымен аудандық полиция бөлімі және уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алу және жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында сауда орындарында алкоголь өнімдерін өткізу кезінде заңнама талаптарының сақталуына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кәсіпкерлерге лицензиялау талаптары мен қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік түсіндірілді.
Сонымен қатар тұрғындар мен кәсіпкерлерге алкоголь өнімдерін заңсыз өткізудің құқықтық салдары туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.
Ақсу аудандық прокуратурасы азаматтар мен кәсіпкерлерді алкоголь өнімдерін лицензиясыз және заңмен белгіленген уақыттан тыс сатуға жол бермеуге, заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Ақсу аудандық прокуратурасының бастамасымен аудандық полиция бөлімі және уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алу және жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында сауда орындарында алкоголь өнімдерін өткізу кезінде заңнама талаптарының сақталуына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кәсіпкерлерге лицензиялау талаптары мен қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік түсіндірілді.
Сонымен қатар тұрғындар мен кәсіпкерлерге алкоголь өнімдерін заңсыз өткізудің құқықтық салдары туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.
Ақсу аудандық прокуратурасы азаматтар мен кәсіпкерлерді алкоголь өнімдерін лицензиясыз және заңмен белгіленген уақыттан тыс сатуға жол бермеуге, заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және заңсыз граффитидің алдын алу мақсатында Ақсу ауданында «Антиграффити» акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шара Ақсу аудандық полиция бөлімі мен «Aqsy jastary» жастар ресурстық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.
Акция барысында қатысушылар қоғамдық орындардағы заңсыз жазулар мен суреттерді тазалап, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жастарға қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және заң талаптарын орындаудың маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және ауданның тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға бағытталған.
⸻