Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының ішкі мониторингінің нәтижелері

Қапал ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі 2024 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айларына мониторинг жүргізу нәтижесінде:

  • Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтіқұқықтық актілер мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсына орналасқан.
  • Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсына мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібі туралы ақпараттар үнемі өзектендіріліп тұрады.
  • Мемлекттік көрсетілетін қызметтердің бизнес-процесін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша талдаулар жүргізілуде.
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасы талаптары қатаң түрде сақталынуда.
  • Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ бірінші және екінші санаттағы рұқсатты беру кезінде нормативтік құқықтық аткілерде көзделмеген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, көрсетілетін қызметті алушылардын ақпараттық жүйеден алынуы мүмкінқұжаттарды не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында реттелмеген құжаттарды талап ету фактілері анықталған жоқ.
  • Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде оларға қажетті жағдайлардың барлығы жасалынған.
  • Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қаралып, уақытылы жабылуда.
  • Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңі туралы деректер мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсына енгізілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының ішкі мониторингінің нәтижелері
Дата публикации
27 марта 2024